Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Өкпенің липид алмасудағы рөлі



Pdf көрінісі
бет91/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Өкпенің липид алмасудағы рөлі. 
Негізінен ХМ-дардың басым көпшілігі лимфа жүйесі арқылы 
өкпеге келеді, онда қор ретінде жиналады. Қан ағымында ХМ-
дардың мөлшері азайған кезде олар өкпеден, қанға түсіп, ХМ-ның 
мөлшерін толықтырады. Бұл өкпенің 
барьерлік-тосқауыл
қызметі 
деп аталады. ХМ-нің аз мөлшері өкпеде гидролизденеді. 
Құрамындағы ТАГ, БМҚ және глицеринге ыдырайды, олар толық 
тотығып, су, СО
2
және энергия түзеді. Бөлінген энергия өкпенің 
жұмысына және жұтқан ауаны жылытуға жұмсалады. 
ХМ өкпеден сол жүрекшеге түсіп, одан үлкен қан айналымына 
өтеді. ХМ көлемі үлкен болғандықтан, органдар мен тіндердің 
клеткаларына түспейді. Олар қан тамырлары қабырғасына
орналасқан липопротеидлипаза (ЛПЛ-аза) ферменті әсерінен 
гидролизденеді. Бұл гидролиз қан тамырының ішіндегі 
липолиз
деп 
аталады. ЛПЛ-аза капиллярдың эндотелий қабатында кездеседі, ХМ 
құрамындағы ТАГ-ды глицерин және БМҚ-на гидролиздейді. Бұл 
фермент 
жарықтандыратын фактор
деп аталады. ХМ ыдырайды, 
оның көлемі кішірейеді, сондықтан олар жарықты әлсіздендірмейді, 
қанның ақшыл түсі жойылады. ХМ құрамындағы ТАГ-тар 
гидролизденеді, нәтижесінде қалдық хиломикрондар түзіледі. 
Нәтижесінде бөлінген глицерин мен БМҚ клеткаға оңай енеді, ал 
БМҚ-ң артық мөлшері альбуминге адсорбцияланып, комплекс түзіп, 
қанда БМҚ-ң қорына айналады. 
Сонымен, бауырға артерия арқылы ХМ-ң гидролиз өнімдері: 
БМҚ, холестерин, глицерин, ал қақпа венасы арқылы глицерин, 
қысқа көмірсутек тізбектен тұратын БМҚ, фосфор қышқылы, азотты 
негіздер келіп түседі. 
Бауырдың липид алмасудағы рөлі. 
Липид алмасуында бауыр негізгі орталық орынды алады.
Бауыр клеткаларында липид алмасуы диета мен физиологиялық 
жағдайға тікелей байланысты болады. Липидтердің алмасуын 
реттейтін көптеген гормондардың әсері бауырда өтеді. 
Бауырда липогенез өтеді. ТАГ-ң синтезі фосфатидті жолмен 
жүреді. Алдымен глицерин активтенеді. АТФ-пен әрекеттесіп
глицерофасфат түзеді, ал соңғы өнім екі активті БМҚ қосып, ТАГ 
түзеді. Бұл реакция азотты негіздер жеткілікті болғанда, (серин, 
коламин, холин), баяулайды, себебі, фосфатид қышқылы 
фосфолипидтер (ФЛ) түзу үшін жұмсалады.
 
ФЛ өте қажетті 
қосылыстар, бауырдан жеңіл бөлініп шығады, қан арқылы көп 


116 
мөлшерде басқа тіндерге енеді және мембрана үшін құрылым 
материалдары ретінде пайдаланылады.
 
Егер, азотты негіздері жеткіліксіз болса, фосфатид қышқылы 
ТАГ-ң синтезіне жұмсалады. Ол бауырда көп жиналғанда, бұл 
органды май басып кетеді. Фосфолипидтер әр түрлі азотты 
негіздермен қосылып, фосфатидилхолин, фосфатидилколамин,
фосфатидилсерин түзеді. 
Бауырда ТАГ мен ФЛ синтезделеді. жылдам жүрсе, ТАГ-ң 
синтезі тежеледі немесе керсінше, ТАГ синтезі артқанда, ФЛ синтезі 
тежеледі. Липонеогенез кезінде ТАГ негізінен көмірсулардан 
синтезделеді. Бұл реакцияның мәні: көмірсулар энергия көзі ретінде 
пайдасы шамалы қосылыстар, сондықтан олар липидтерге айналып, 
тотыққан кезде көп энергия береді.
 
Организмге холестерин тағаммен жеткіліксіз түскенде, бауырда 
синтезделеді, ал көп мөлшерде түссе, синтезі азаяды. 
Холестерин эфирленіп, холестерид (холестерин эфирін ХЭ), 
түзеді бұл қосылыс, аз мөлшерде бауырда қор ретінде жиналады. 
Холестериннің көбісі (

-ЛП-тердің құрамына кіреді). 

-ЛП-пен 
бауырға қайтадан келген холестерин осы жерде тотығып, өт 
қышқылдарының синтезіне жұмсалады. Холестерин және өт 
қышқылдары өт жолымен ішекке түседі, 0,5г нәжіспен бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет