116
мөлшерде басқа тіндерге енеді және мембрана үшін
құрылым
материалдары ретінде пайдаланылады.
Егер, азотты негіздері жеткіліксіз болса, фосфатид қышқылы
ТАГ-ң синтезіне жұмсалады. Ол бауырда көп жиналғанда, бұл
органды май басып кетеді. Фосфолипидтер әр түрлі азотты
негіздермен қосылып, фосфатидилхолин, фосфатидилколамин,
фосфатидилсерин түзеді.
Бауырда ТАГ мен ФЛ синтезделеді. жылдам жүрсе, ТАГ-ң
синтезі тежеледі немесе керсінше, ТАГ синтезі артқанда, ФЛ синтезі
тежеледі. Липонеогенез кезінде
ТАГ негізінен көмірсулардан
синтезделеді. Бұл реакцияның мәні: көмірсулар энергия көзі ретінде
пайдасы шамалы қосылыстар, сондықтан олар липидтерге айналып,
тотыққан кезде көп энергия береді.
Организмге холестерин тағаммен жеткіліксіз түскенде, бауырда
синтезделеді, ал көп мөлшерде түссе, синтезі азаяды.
Холестерин эфирленіп, холестерид (холестерин эфирін ХЭ),
түзеді бұл қосылыс, аз мөлшерде бауырда қор ретінде жиналады.
Холестериннің көбісі (
-ЛП-тердің құрамына кіреді).
-ЛП-пен
бауырға қайтадан келген холестерин осы жерде тотығып, өт
қышқылдарының синтезіне жұмсалады. Холестерин және өт
қышқылдары өт жолымен ішекке түседі, 0,5г нәжіспен бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: