Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет89/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

ішек - бауыр айналымы
деп аталады. [19]. 
Тәулігіне 5-6 айналым жасалады. Бұл айналымның маңызы өт 
қышқылдардың аз мөлшерімен липидтердің ыдыраған өнімдерінің 
көп мөлшерін сіңіруді қамтамасыз етеді.
Олардың азырақ мөлшері (0,5гр) нәжіс арқылы организмнен 
шығарылады. Өт қышқылдарының маңызы: 
1. ТАГ-дің эмульгирленуіне әсерін тигізеді. 
2. Ұйқы безі сөліндегі липазаны активтендіреді. 
3. Мицелла құрамына, суда ерімейтін липидтердің сіңірілуін 
жеңілдетеді. Липидтердің гидролизденген өнімдері мен бірге майда 
еритін дәрумендер және өт қышқылдарының тұздары сіңіріледі.


113 
Сонан соң, өт қышқылдары қақпа венасы арқылы бауырға 
оралады. Ішекте сіңірілген және организмде синтезделген май 
қышқылдары, ТАГ-ң ресинтезіне қатысады. 
ТАГ-ң ресинтезіне ішектен сіңген БМҚ-ы ғана емес, сонымен 
қатар организмде синтезделген БМҚ-ы қатысады, сондықтан 
ресинтезделген майлар тағаммен түскен майлардан өзгеше болады.
Дегенмен, ресинтез процесі арқылы тағам құрамындағы 
майларды адам организмінің майларына адаптациялау шектелген. 
Ішектің кілегей қабатында ФЛ, сонымен қатар холестерол эфирлері 
түзіледі. 
Бұл 
реакция 
ацилхолестерол 
ацилтрансферазамен 
катализденеді. Сіңірілген липидтердің одан әрі қарай алмасуына 
адамның барлық тіндері мен органдар қатысады. Әсіресе, ішек 
қабырғасы, бауыр, майлы тіндер, өкпе маңызды рөл атқарады. [18]. 
 
3.3 Липид алмасудағы жеке органдар мен тіндердің рөлі 

Адам ағзасы липидтері
.
Қан құрамында, май тіндерінде, бауырда кездесетін 
липидтердің құрамы мен мөлшері зерттелген. 
Қандағы липидттердің құрамы, олардың мөлшерінің әсіресе
қандағы мөлшерінің өзгеруі жануар организмінде, атап айтатын 
болсақ бауырда жүретін липид алмасуының көрсеткіші болып 
табылады. 
Қан плазмасындағы липидтердің құрамы ағзадағы липид 
алмасуларға едәуір әсер етеді. Мысалы, қалыпты жағдайда бауырда 
холестерин синтезінің қарқындылығы оның қан плазмасындағы 
деңгейімен анықталады. Эритроциттердің мөлшері ағзаның 
функциональды күйіне тәуелді болмайды. 
Қандағы липид мөлшерінің өзгеруі тағам қабылдағаннан кейін 
айқын байқалады, 3-4 сағаттан кейін қан плазмасында 
триглицеридтер мен бос май қышқылдары артады, 6-7 сағаттан кейін 
олардың мөлшері қайта қалпына келеді.
Қанда тәулік барысында липид мөлшерінің өзгеруі көмірсу мен 
белокқа қарағанда басымырақ жүреді.
Әсіресе, ұзақ уақыт ашыққанда липидтердің мөлшері ғана емес, 
сапасы да өзгереді.
 
Қандағы 
липидтермен 
олардың 
ағзадағы 
алмасу 
процесстерінің ара-қатынасы динамикалық тепе-теңдікте болады 
және эндокринді жүйемен реттеледі. [18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет