105
Көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), маңызы.
Құрамында
қанықпаған
(алмастырылмайтын)
май
қышқылдары бар сұйық майлар тағаммен түсетін майлардың үштен
бір бөлігін құрауы қажет.
Көп қанықпаған май қышқылдары
простагландиндердің негізін салушылар болып табылады.
Қан тамырлары қабырғасында холестерин мен липидтердің
қабатталып жиналуынан сақтайды,
себебі
КҚМҚ холестеринмен
қосылғанда
оның активтілігі артады, ерігіштігі жоғарылайды,
сондықтан артық мөлшері ағзадан жеңіл бөлініп шығарылады, яғни
КҚМҚ атеросклерозға қарсы әсер етеді. [18].
Қанның
ұюын төмендетеді, тромбоз пайда болуынан, тері
ауруларының дамуынан сақтайды. Организмнің қорғаныш қызметін
арттырып, әртүрлі инфекцияларға төзімділігін күшейтеді
Простагландиндер
(ПГ).
Алғаш
адам
ұрығындағы
сұйықтықтан табылған. Қазіргі
кезде ПГ барлық тіндерде
синтезделетіні белгілі. Олар қажет кезде өте аз мөлшерде
синтезделеді және тез ыдырайды.
Қан ағымында кездеспейді,
тіндерде жиналмайды, сондықтан бұларды гормондарға жатқызады.
ПГ биологиялық процестерді реттеушілер болып табылады, күшті
физиологиялық әсері бар.
ПГ-ің кейбіреулері
қан тамырын кеңейтіп, қанның қысымын
түсіреді, сонымен қатар гормондардың
әсер ету механизміне
қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: