103
организмде тікелей пайдаланғанда, олар өте тиімді энергия көзі
болып табылады немесе май тіндерінде қор ретінде сақталады.
Құрылымдық (пластикалық): липидтер –
белоктармен комплексте
клетка және клеткалық органелла мембранасының құрылымдық
элементтері болып табылады.
Тасымалдаушылық:
клетка
мембранасының
негізгі
компоненттерінің бірі ретінде, липидтер заттардың клеткаға
тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Механикалық, қорғаныштық:
Май қабаты денені және
органдарды әртүрлі механикалық зақымданудан сақтайды.
Жылуды изоляциялау: төмен термоөткізгіштік қасиетінің
арқасында липидтер организмде жылуды сақтайды.
Электроизоляциялау: липидтердің электроизолирлеу қасиеті
бар, осыған байланысты нерв импульсінің бір бағытта берілуін
қамтамасыз ету арқылы, жүйке жүйесінің қызметіне қатысады.
Эмульгирлеуші: фосфоглицеролдар
мен өт қышқылдары май
су аралық фазасы үстіндегі эмульсияны тұрақтандырады.
Реттеушілік:
холестеролдан
синтезделетін
стероидты
гормондар жыныстық қызметтер мен су-тұз алмасуды реттеуге
қатысады. Эйкозанойдтар мен полиенді май қышқылдары әртүрлі
биологиялық әсер етеді.
Дәрумендік: табиғи тағамдық майлардың құрамында, майда
еритін дәрумендер, алмастырылмайтын май қышқылдары болады.
Еріткіштік: липидтер бірқатар дәрумендерге және басқа
липидтер үшін еріткіш болып табылады.
Май қышқылдары -
көптеген липидтердің құрылымдық
компоненті болып табылады. Олар құрамында 4 – 24- ке дейін
көміртегі атомдары, бір карбоксил тобы
мен полярсыз көмірсутек
«құйрығы» болатын, ұзын тізбекті органикалық қышқылдар.
Май қышқылдары ТАГ құрамында энергия депосын түзеді.
Фосфолипидтер мен сфинголипидтердің құрамында май
қышқылдары мембрананың қасиетін анықтайтын ішкі гидрофобты
қабат түзеді. Мембрана фосфолипидтерінде қанықпаған май
қышқылдары 80-85%-ды құрайды, ал
тері асты майларының
құрамында май қышқылдары 60%-ға жетеді. [18].
Май қышқылдары клеткалар мен тіндерде әр түрлі липидтердің
құрамында ковалентті байланысқан формада кездеседі.
Бос күйінде организмде аз мөлшерде болады, мысалы, қанда
альбумин белогымен комплексте тасымалданады. Көптеген май
104
қышқылдары
адам организмінде синтезделеді, бірақ, линоль және
линолен қышқылы синтезделмейді. Сондықтан, міндетті түрде
тағаммен бірге түсіп тұруы қажет. Бұл май қышқылдары
Достарыңызбен бөлісу: