Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


ТАГ ) жатады.  Моно-, Ди-, Триглицеридтер



Pdf көрінісі
бет80/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

ТАГ
жатады
Моно-, Ди-, Триглицеридтер
– 
жоғары май қышқылдары мен 
глицериннің күрделі эфирлері. (3.2). [66].
 
(3.2). 
ТАГ өте жоғары калориялы қосылыстар, тәулігіне 80 гр 
(өсімдіктер, жануар тектес) организмге түскенде тәуліктік 
қажеттіліктің 40%-ын қамтамасыз етеді. Мысалы, 1 г май 
тотыққанда 38,9 кдж энергия бөлінеді.
 
ТАГ организмде синтезделеді 
және эндогенді судың көзі болып табылады. Мысалы, 100 гр майлар 
тотыққанда 107 гр эндогенді су түзіледі. Сонымен қатар, майлы 
тіндерде жиналады. Олардың жылуды изоляциялау қасиеті бар, осы 
төмен термоөткізгіштік қасиеті адам, жануар организміндегі 


97 
жылуды сақтап тұруға мүмкіндік береді. ТАГ-тар бірқатар 
дәрумендер үшін, еріткіштер ретінде қолданылылады және көптеген 
органдарды астарлап, қаптау арқылы қорғап тұрады, сонымен қатар 
жақпа заттар ретінде пайдаланылады. [37]. 
Адам ағзасы липидтері
. Қан құрамында май ұлпасында және 
бауырда кездесетін липидтердің құрамы мен мөлшері толық 
зерттелген. Қандағы липидттердің құрамы, олардың мөлшерінің 
әсіресе қандағы мөлшерінің өзгеруі жануар организмінде, атап 
айтатын болсақ, бауырда жүретін липид алмасуының көрсеткіші 
болып табылады. Қан плазмасындағы липидтердің құрамы ағзадағы 
липид алмасуларға едәуір әсер етеді. Мысалы, қалыпты жағдайда 
бауырда холестерин синтезінің қарқындылығы оның қан 
плазмасындағы деңгейімен анықталады. Эритроциттердің мөлшері 
ағзаның функциональды күйіне тәуелді болмайды. Қандағы липид 
мөлшерінің өзгеруі тағам қабылдағаннан кейін айқын байқалады, 
3-4 сағаттан кейін қан плазмасында триглицеридтер мен бос 
май қышқылдары артады, 6-7 сағаттан кейін олардың мөлшері қайта 
қалпына келеді. Қанда тәулік барысында липид мөлшерінің өзгеруі 
көмірсу мен белокқа қарағанда басымырақ жүреді. Әсіресе, ұзақ 
уақыт ашыққанда липидтердің мөлшері ғана емес, сапасы да 
өзгереді. Қандағы липидтермен олардың ағзадағы алмасу 
процесстерінің ара-қатынасы динамикалық тепе-теңдікте болады 
және эндокринді жүйемен реттеледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет