Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет83/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Ганглиозид 

құрамында 
моносахаридтер 
кездесетін 
цереброзидтер: 
галактоцереброзид
ең көп тараған түрі, оның 
құрамына галактоза кіреді
глюкоцереброзид
құрамында глюкоза 
болады және сирек кездеседі. (3.6). [70]. 
(3.6) 
 
Цереброзидтер
нейтралды сфинголипидтерге жатады.
Олардың молекуласында зарядталған топтар жоқ. (3.7). [71]. 
Липидтердің қасиеттері. 
Химиялық құрамы, құрылымы 
алуан түрлі болуына қарамастан, липидтердің жалпы ортақ 
қасиеттері болады. Олар суда ерімейді, органикалық еріткіштерде: 
метил спирті, этил спирті, эфирлер, бензол, ацетон, бензил, 
пиридиндер, хлороформ, петролейн эфирі, төрт хлоридті көміртекте 
ериді. Бұл қатарға суда еритін ганглиозидтер кірмейді. Әр түрлі 
органикалық еріткіштерде липидтер бірдей дәрежеде ерімейді. 


102 
Фосфолипидтер ацетонда нашар ериді.Май қышқылдары және 
құрамында май қышқылдары бар қосылыстардың физикалық 
қасиеттері тізбектің ұзындығына, қанығу дәрежесіне, яғни қос 
байланыстың санына тәуелді. Май қышқылы тізбегі ұзын болған 
сайын , оларнашар ериді. Қос байланыс саны артқанда, балқу 
температурасы төмендейді. Мембрананың негізін фосфолипидтер 
құрайды. Фосфолипидтер амфифильді молекулалар, олар
гидрофильді және гидрофобты бөліктерден тұрады. 
Холестериндер, цереброзидтер және сфингомиелиндер этил 
спиртінде нашар ериді. Липидтердің басым көпшілігі гидрофобты 
қосылыстарға жатады, суда ерімейді, сулы ортада олар 
мономолекулярлы қабықша түзеді. Липидтер беттік активті 
заттардың (детергенттер) қатысуымен сулы ортада тұрақты 
эмульсия түзеді 
 
(3.7) 
Цереброзид 
 
. Липидтердің меншікті салмағы 1-ден төмен, 0.910-0.996 
аралығында. Липидтер жылуды нашар өткізетін қасиетке ие, 
сондықтан жануарлардың тері асты майлы қабаты тиімді изолятор 
ретінде жылуды ұстап тұрады. Липидтердің адам мен жануарларды 
тоңып қалудан сақтап тұруы маңызды биологиялық қызметі

болып табылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет