109
Холь
қышқылы
туындыларының
үлесіне
жұп
өт
қышқылдарының үштен екі бөлігі, дезоксихоль қышқылы
туындыларының үлесіне үштен
бір бөлігі тиеді, ал қалған өт
қышқылдары нашар сіңіріледі және фекалии арқылы шығарылады.
Жұп өт қышқылдарының екі жақты ерігіштік қасиеттері бар,
стероидты бөлігі гидрофобты қасиет көрсетеді, ал глицин мен
таурин жалғасқан бүйір тізбектері гидрофильді қасиетке ие.
Жұп өт қышқылдары беттік активті заттар,
олар май
тамшыларының беттік тартылысын төмендетеді, осының арқасында
май тамшылары ішек перистальтикасының әсерінен майда
тамшыларға бөлшектенеді. Өт қышқылдары май тамшыларының
бетіне адсорбцияланып, оларға заряд береді, нәтижесінде бір текті
беттік теріс зарядты майда май тамшылардың үлкен май
тамшыларына бірігуіне кедергі болады.
Яғни, өт қышқылдары ішекте жұқа және берік эмульсия түзеді,
ондағы бөлшектердің диаметрі 0,005
мкм болғандықтан ішек
түтікшелерінің диаметріне сәйкес келеді, сондықтан бұл
эмульгирленген
майлар
гидролизденбестен
(30%)
ішек
қабырғасынан өтіп, лимфа жүйесіне түседі. Бірақ, эмульгирленген
майлардың басым көпшілігі (70%) тек гидролизденгеннен кейін
сіңіріледі. Липолиз бірітіндеп жүреді. Алдымен глицериннің α-
көміртегіндегі БМҚ бөлініп алынады. Сонан соң, екіншісі үзіледі,
осылайша β-МАГ түзіледі, бұл негізінен
мицелла құрамында ішек
қабырғасынан сіңеді. МАГ аз мөлшерде ішек сөлінің липазасы
әсерінен ыдырайды. Липолиз кезінде май қышқылдары және оның
тұздары эмульсияның тұрақтылығын сақтауға септігін тигізеді.
ФЛ-тер фосфолипаза ферментінің әсерінен гидролизденеді.
Фосфолипазаның төрт түрі болады, олар ұйқы безінде түзіледі:
фосфолипаза-А
1
;
фосфолипаза-А
2
;
фосфолипаза-С
және
фосфолипаза-Д. [33].
Фосфолипаза-А
1
глицериннің көміртегіне жалғасқан БМҚ-ын
бөліп шығарады.
Фосфолипаза-С глицериннің көміртегімен фосфор қышылы
қалдығының арасындағы күрделі эфирлі байланысты гидролиздейді,
ал фосфолипаза-Д фосфор қышқылынан азотты негіздерді бөледі.
Кейбір фосфолипидтер гидролизденбеген түрінде қалады. А
1
және
А
2
ФЛ-азалар ФЛ-термен бір мезгілде әрекеттеседі,
сондықтан улы
лизофосфолипидтер түзіледі.
110
Олар мембраналарды ерітеді, эритроциттерді гемолизге
ұшыратады. Холестерин-эстераза стериндерді холестерин мен БМҚ-
ға гидролиздейді.
Фосфолипидтердің
ыдырауы
ұйқы
безі
сөлінің
фосфолипазаларының әсерінен жүреді.
Фосфолипазаның бірнеше түрлері болады: А
1
, А
2
, С және Д,
олар фосфатидтің әртүрлі аймақтарындағы күрделі эфирлі
байланыстарды үзеді.
Фосфолипаза А
1
, глицериннің α-көміртегі атомындағы май
қышқылын үзеді, фосфолипаза А
2
глицериннің β-көміртегідегі ,
С фосфолипазасы глицериннің α-көміртегі
мен фосфор қышқылы
қалдығының арасындағы эфирлі байланысты, ал фосфолипаза Д
азотты негіздерді фосфор қышқылы қалдығынан гидролиздейді .
Фосфолипидтердің біразы өзгеріссіз түрде қалады. (3.13). [77].
(3.13).
Фосфолипаза А
1
және А
2
бір мезгілде әсер етеді,
лизофосфолипидтер токсиндік заттардың түзілуіне кедергі
жасайды. Бұл заттар мембрананы бұзады және эритроциттердің
гемолизін шақырады.
Стеридтер гидролитикалық
ферменттердің қатысуымен -
(холестеринэстеразалардың әсерінен) холестерин мен БМҚ-а
ыдырайды. (3.14). [78].
111
Осылайша, қорытылу нәтижесінде ішекте: МАГ, глицерин,
БМҚ, холестерин, азоттық негіздер, фосфор қышқылдары және аз
мөлшерде фосфолипид пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: