Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Глицерин тотығуының энергиялық шығымы



Pdf көрінісі
бет96/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Глицерин тотығуының энергиялық шығымы. 
Глицерин тотыққанда бөлінген энергиядан 21 АТФ түзіледі, 
оның біреуі глицеринді активтеуге жұмсалады, сондықтан 20 
молекула АТФ қалады. 
Ацетил-КоА ҮКҚЦ, БТ,ТФ-да тотыққанда 12 АТФ түзеді. 
ПЖҚ-ның тотығудан декорбоксилдену реакциясы барысында 
түзілген НАДН
2
тотығу энергиясы 3АТФ-ң синтезіне жұмсалады. 
Цитозольде түзілген 2 НАДН
2
- нің 4 сутегі атомы
глицерофосфат шөрнек механизмі арқылы тасымалданады және 
митохондрияда 
ФАД-тәуелді 
дегидрогеназаның 
қатысуымен 
тотығады. Бөлінген энергиядан 4 АТФ синтезделеді. 
Цитоплазмада субстраттан фосфорлану реакцияларынан 
түзілген 2 АТФ-ты есепке алғанда жоғарыда айтылған 20 АТФ 
шығады. Глицериннің тотығуы нәтижесінде түзілген фосфоглицерин
альдегиді глюконеогенез реакцияларына жұмсалуы мүмкін. 
22 АТФ түзілетін жағдайда: Екі цитозольды НАДН
2
-дегі сутегі 
атомдары митохондрияға малатты шөрнек механизмі арқылы 
тасымалданады, сонда түзілген екі малат митохондрияда 2НАД пен 
тотығып, 6АТФ түзуге жететін энергия бөліп шығады.[29]. 
3.5. Бос май қышқылы мен кетон денелердің алмасуы.
Клеткаға түскен БМҚ-ның біршамасы қан тамырларының 
ішіндегі липолиз арқылы ЛП-ден, ХМ-нан бөлінген БМҚ болып 
табылады. Қалғандары осы клеткада синтезделген БМҚ-дары, олар 
ағзалардың арнайы липидтерін түзуге жұмсалады. 
Липолиз кезінде босап шыққан май қышқылдары қан ағымына 
түседі және қан сары суы альбуминдерімен байланысқан түрінде 
тасымалданады. Қан плазмасына БМҚ-мен бірге глицирол да түседі. 
Глицерол глюконеогенезге қатысуы немесе алдын-ала глицерол-3-
фосфатқа айналып, сонан соң гликолитикалық жолға қосылуы 
мүмкін. Клеткаға түскен май қышқылдары АТФ энергиясы үлесінен 


128 
ацил-КоА синтетаза ферментінің қатысуымен активті май 
қышқылына айналады. 
R COOH+HSKoA+АТФ 
RCO-KoA+АМФ+ФФ
н 
Ацил–КоА-синтетаза ферменті цитозольде митохондрия 
матриксінде де кездеседі және олар бір-бірінен көміртегі тізбегінің 
ұзындығы 
әр 
түрлі 
май 
қышқылдарына 
арнайылығымен 
ерекшеленеді. Көміртегі тізбегі 2-ден 4 көміртегі атомынан тұратын 
май қышқылдары митохондрия матриксіне диффузия арқылы сіңеді. 
Мұндай қышқылдардың активтенуі митохондрия матриксінде 
жүреді. 
 
(3.
25

Ұзын тізбекті май қышқылдары митохондрия мембранасының 
сыртқы бетінде орналасқан Ацил-КоА - синтетазамен активтенеді. 
Май қышқылдарының 

-тотығуы митохондрия матриксінде 
жүреді, сондықтан активтенгеннен кейін митохондрия ішіне 
тасымалдануы қажет. Активті май қышқылдарын митохондрия 
матриксі ішіне тасымалдау қызметін 
карнитин
атқарады.


129 
Карнитин организмге тағам арқылы түсуі мүмкін немесе 
алмастырылмайтын аминқышқылдары лизин мен метиониннен 
синтезделеді. (3.25). [89]. 
Митохондрия 
мембранасының 
сыртында 
орналасқан 
карнитинацилтрансфераза І ферменті ацилкарнитиннің түзілу 
реакциясын катализдейді. 
Түзілген ацилкарнитин мембрана кеңестігі арқылы ішкі 
мембрананың сырт жағына тасымалданады, ал митохондрияның 
ішкі мембранасының ішкі жағына карнитинацил-карнитин-
транслоказа көмегімен тасымалданады.
Сол жерден карнитин, ацилтрансфераза ІІ ферменті 
қышқылдың клеткаішілік КоА-ға тасмалдануын катализдейді.
Сонан соң, ацил-КоА 

-тотығу реакциясына түседі.
Босаған карнитин мембрана аралық кеңістікке сол транслоказа 
көмегімен қайта оралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет