Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет97/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Май қышқылдарының 

-тотығуы.
Май қышқылдары катаболизмінің арнайы жолы, анаэробты 
жағдайда митохондрия матриксінде жүреді және ацетил –КоА-ң 
түзілуімен аяқталады.

-тотығу реакциялары барысында бөлінген сутегі тіндік тыныс 
алу тізбегіне түседі, ал ацетил-КоА ҮКҚЦ-да тотығады, сонымен 
қатар тіндік тыныс алу тізбегін сутегімен қамтамасыз етеді. Осыған 
байланысты 
май 
қышқылының 

-тотығу 
өте 
маңызды 
метаболикалық жол болып табылады және тіндік тыныс алу 
тізбегінде АТФ-тің түзілуін қамтамасыз етеді. [17]. 

-тотығудың әрбір айналымында реакция өнімдері ФАДН
2,
НАДН
2
және ацетил-КоА түзіледі.
Әрбір келесі айналымға түсетін қышқыл қалдығы 2 көміртегі 
атомына қысқарып отырады.
Соңғы айналымдағы 4 көміртегі атомнан тұратын май 
қышқылынан бірден 2 молекула ацетил-КоА түзіледі. БМҚ-ның 
негізгі мөлшері 

-тотығу нәтижесінде энергия бөледі.
БМҚ-ның тотығуын 

-тотығу деп аталу себебі, тотығу 

көміртегі атомынан өзгеріске ұшырап тотығады. БМҚ-ның 
тотығуының тағы да басқа түрлері бар. Бірақ негізгі тотығу 

-
тотығуы болып саналады.

-тотығуы митохондрияларда, май тіндерінен басқа барлық 
тіндерде, әсіресе бауырда, бүйректе, жүрек бұлшықеттерінде 
(миокардта), өкпеде өте қарқынды жүреді.


130 
Май қышқылдарының β-тотығуы 
 
(3.26) 

- тотығуы кезінде көп энергия бөлінеді. Бұл катаболикалық 
процесте, тек қаныққан және көміртегі тізбектері тармақталмаған 
БМҚ-ы тотығады. Құрамындағы бір қос байланысы бар қанықпаған 
БМҚ-ы алдымен тотықсызданады.


131 
1. Тотығу алдында БМҚ АТФ пен НSКоА арқылы активтенеді. 
Активті карбон қышқылы түзіледі, бұл қосылыс ацил-КоА деп 
аталады. Бір молекула пальмитин май қышқылы тотыққандағы 
энергетикалық шығымы 131 АТФ молекуласын құрайды. 
2. Ацил- SКоА ФП-пен (ФАД) дегидрленіп, дегидроацил -КоА
түзеді. ФП тотықсызданып 

ФПН
2
-ге айналады. 
3. Түзілген дегидроацил-SКоА гидратацияланып 

-гидрокси ацил 
- КоА-ға айналады. Су қосылғанда, 

-көміртегі атомдарының 
арасындағы қос байланыс үзіліп, сутегі атомы 

-көміртекке, ал ОН 
тобы 

-көміртегіне жалғасады. 
4. 

-гидроксиацил-SКоА ПФ-термен тотығып, 

-кетоацил- КоА 
түзеді. ПФ гидрленеді. 
5. 

-кетоацил-SКоА НSКоА-ны қосып алады, бұл кезде 

- және 

-көміртектері арасындағы байланыс үзіліп кетеді, соңғы екі 
көміртегі ацетил-SКоА түрінде бөлінеді, ал БМҚ-ның қалдығы 
SКоА-ны қосып алып, активті түріне айналады. 
Түзілген БМҚ-ның тізбегі екі көміртегіне қысқарады. Қайтадан 

-тотығудың екінші реакциясына барып соғылады, сөйтіп тағы да 
тотығып тізбегі қысқарады. Бұл процесс ең соңында екі молекула 
ацетил-SКоА түзілгенше қайталана береді. 

-тотығу кезінде БМҚ-ы 
бірнеше рет қайталанатын айналымға түседі . (3.26).[90]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет