1-Дәріс. Пәннің мақсаты, міндеттері, мәні. Тағамдық заттар



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#83205
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 дәріс физиология


1-Дәріс. Пәннің мақсаты, міндеттері, мәні. Тағамдық заттар.
Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану бүкіл организмнің бірқалыпты дамуы мен үйлесімді қызыметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты ұдайы өзгеріп отырады.
Тамақтану физиологиясы - тірі организм физиологиясы ғылымының саласы. Ол тағамның адам ағзасына әсерін зерттейді, тамақтың адамзатқа қажеттілігін анықтайды, организмдегі тағамды сіңірудің оңтайлы жағдайларын анықтайды. Тамақтану физиологиясы тамақ дайындаумен байланысты, оны дайындау барысында тағамның тағамдық құндылығын арттыру үшін нақты міндеттер қояды. Физиология тамақ өнімдерінің тауартану және тамақтану гигиенасының негізі болып табылады.
ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМДАР. Бәрімізге таныс және үйреншікті «тамақтану» сөзінің маңызы әртүрлі. Көбінесе біз оны тағам қабылдау актісінің белгісі ретінде қабылдаймыз. Мағынасын кеңінен қарастырсақ, тамақтану дегеніміз тағамға және оны тұтынуға қатысы бар барлық құбылыстар, процестер мен заттар түсініледі. Осылайша, тағам немесе тағамдық өнімдер — осының бәрі қоршаған табиғаттың объектілері және адам энергия мен тағамдық заттар көзі ретінде пайдаланатын оның өңделген өнімдері.
Адам ағзасы үшін тағам энергия және пластикалық (құрылыстық) материалдар көзі болып табылады.
Адамның ағзасы ақуыздардан (19,6%), майлардан(14,7%), көмірсулардан (1%), минералды заттардан (4,9%), судан (58,8%) тұрады. Бұл заттарды ағза энергия түзу үшін үнемі жұмсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет