Ақуыздар — бұл жоғары молекулалы азотты қосылыстар, барлық ағзалардың негізгі және міндетті бөлігі. Ақуыз заттары өмірлік маңызы бар барлық процестерге қатысады. Мысалы, заттар алмасуы өз табиғаты бойынша ақуыздарға жататын ферменттермен қамтамасыз етіледі. Бұлшық еттердің жиырылу функциясын орындау үшін қажетті жиырылу құрылымдары да ақуыздар болып табылады — актомиозин; ағзаның тірек тіндері — сүйектердің, шеміршектердің, сіңірлердің коллагені; ағзаның жабын тіндері — тері, тырнақтар, шаш.
Көптеген тағамдық заттардың ішінде ақуыздың алатын орны ерекше. Олар алмастырылмайтын амин қышқылдарының және ақуыздарды синтездеу үшін қажет тән емес азот көзі қызметін атқарады. Денсаулық жағдайы, тәннің дамуы, дененің жұмысқа қабілеттілігі, ал ерте жастағы балаларда – ақыл-ойының дамуы көбінесе ақуыздармен жабдықтау деңгейіне байланысты.
Тағамдық рационда ақуыздың жеткіліктілігі және оның жоғары сапасы адамның өсуі, дамуы, қалыпты өмір сүруі және жұмысқа қабілеттілігі үшін қажетті ағзаның ішкі ортасының оңтайлы жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.
Ақуыз жетіспеушілігінің әсерінен бауырдың ісуі және майлануы; ішкі секреция органдарының, әсіресе жыныс бездерінің, бүйрекүсті бездерінің және гипофиздің функционалдық жағдайының бұзылуы; шартты-рефлекторлық қызметтің және ішкі тежелу процестерінің бұзылуы; иммунитеттің төмендеуі; алиментарлық дистрофия сияқты патологиялық жай-күйі дамуы мүмкін.
Ақуыздар көмірсудан, оттегіден, сутегіден, фосфордан, күкірттен және азоттан, амин қышқылдарының құрамына кіретін — ақуыздың негізгі құрылымдық құрамдауыштарынан тұрады. Ақуыздар құрамындағы амин қышқылдарының деңгейіне және тиісінше олардың қосылысына қарай ерекшеленеді.
Ақуыздарға деген қажеттіліктің физиологиялық-гигиеналық нормалары. Бұл нормалар адам ағзасында азот тепе-теңдігін ұстаптұратын ақуыздың ең төменгі көлемінен, яғни ағзаға тағаммен бірге енетін азоттың, 1 тәул. ішінде несеппен бірге одан шығарылатын азоттың көлеміне тең көлемнен шығады. Тағамдық ақуызды тәуліктік тұтыну ағзаның энергетикалық қажеттіліктері толығымен қамтамасыз етілген кезде ағзаның азоттық тепе-теңдігін толық қамтамасыз етуі, дене ақуыздарының дербестігін қамтамасыз етуі, ағзаның жоғары жұмысқа қабілеттілігін және оның сыртқы ортаның жағымсыз факторларына қарсыласу дәрежесін ұстап тұруы тиіс. Дұрыс тамақтанатын, ересек дені сау адамдарда азоттық тепе-теңдік байқалады, яғни ағзаға тағамның ақуыздарымен кіретін азот көлемі ағзадан несеппен бірге шығатын азоттың көлеміне тең. Балалары кішкентай жас ата-анада, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерде оң азоттық баланс байқалады, яғни ағзаға тағамның ақуыздарымен кіретін азот көлемі тағам ақуызы жаңа жасушалар түзуге жұмсалатындықтан, ағзадан шығарылатын азот көлемінен асып түседі. Науқастанған және ашыққан кезде, ағзаға азот жетіспеген жағдайда теріс баланс байқалады, яғни кіретін азоттан шығатын азот көбірек болады, онда тағам ақуызының жетіспеушілігі органдар ауыздарының және тіндердің ыдырауына алып келеді.
Ақуыздар майдар мен көмірсуларға қарағанда ағзада қорға бөлінбейді және жеткілікті көлемде тағаммен бірге енгізілуі тиіс.
Ақуызды тұтынудың физиологиялық тәуліктік нормасы адамның жасына, жынысына және кәсіби қызметіне байланысты. Мысалы, ерлер үшін ол 96...132 г, әйелдер үшін — 82... 92 г құрайды. Бұл үлкен қалалар тұрғындарына арналған нормалар. Анағұрлым ауыр дене жұмысымен айналысатын шағын қалалар мен ауылдар тұрғындары үшін ақуыз тұтынудың тәуліктік нормасы 6 г ұлғаяды. Бұлшық етінің қарқындылығы азот алмасуына әсер етпейді, бірақ бұлшық ет жүйесін дамыту және оның жоғары жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұру үшін дене жұмысының осындай түрлері үшін қажет етілетін жеткілікті ақуыз кӛлемімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Майлар. Майлар — органикалық қосылыстар, негізінен глицериннің және бірнегізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері, липидтерге жатады. Тірі ағзалардың жасушалары мен теңдестірілген тамақтанудың міндетті құрамдауышы болып табылады. Липидтер (грек. lipos — май) — майлар мен май тәрізді заттарды қамтитын, табиғи органикалық қосылыстардың кең тобы. Қарапайым липидтер молекулалары спирт пен май қышқылдарынан, күрделі липидтер — спирттен, жоғарымолекулярлық май қышқылдарынан және басқа құрамдауыштардан тұрады.
Липидтер — биологиялық мембраналардың негізгі құрамдауыштарының бірі. Олар барлық тірі жасушаларда болады және ағзаның энергетикалық резервін жасайды, адамдағы май қоры орташа есеппен дене салмағының 10...20% құрайды.Липидтерге молекулаларына май қышқылдары кірмейтін кейбір май еріткіш заттарды жатқызады.
Тағам майлары адам ағзасында глицеринге және май қышқылдарына дейін ыдырайды, олар ішектен лимфа мен қанға түседі, одан кейін олардан адамға тән май түзіледі. Бұл майдың синтезделуі үшін әртүрлі май қышқылдары бар тағамдық майлар қажет. Қазіргі уақытта 60 май қышқылы белгілі. Май қышқылдары қаныққан май қышқылдары (сутегі атомдарымен шегіне дейін қаныққан: стеаринді, пальмитинді, капронды, майлы) және қанықпаған май қышқылдары (сутегі атомдарымен шегіне дейін қанықпаған, еркін химиялық байланыстары бар: олеинді, линольді, линоленді, арахидонды) деп бөлінеді.
Көмірсулардың мәні. Көмірсулар ағзаның энергияға деген барлық қажеттілігінің 58 % жабады, жасушалар мен тіндер құрамына кіреді, қанда болады, бауырда гликоген (жануарлар крахмалы) түрінде болады. Ағзада көмірсулар аз (адам денесі салмағының 1%). Сондықтан энергетикалық шығындарды жабу үшін олар тағаммен үнемі түсіп тұруы тиіс.
Тамақтануда көмірсулар жетіспеген жағдайда майдың қорынан, одан кейін ағза ақуызынан энергия түзу жүреді. Тамақтануда көмірсулар шамадан тыс көп болған жағдайда май қоры көмірсулардың майға айналуы есебінен толығады, бұл адам салмағының ұлғаюына алып келеді. Көмірсулар құрылымына қарай үш топқа бөлінеді.
Дәрумендер — бұл адам ағзасындағы өмірлік процестерді биологиялық реттеушілер рөлін орындайтын әртүрлі химиялық табиғаттың төменгі молекулалы органикалық заттары.
Алғаш рет дәрумендерді 1880 ж. орыс ғалымы Н. И.Лунин тамақ өнімдерінен тапты, ол табиғи және жасанды тағаммен тәжірибелік жануарларды тамақтандыра отырып, осындай өмірлік маңызы бар заттардың болатынына көз жеткізді. Дәрументануды (дәрумендер туралы ғылымды) дамытуға Б. А. Лавров пен А. В. Палладиннің жетекшілігімен орыс ғалымдары үлкен үлес қосты.
Қазіргі уақытта 30-дан астам дәрумен анықталған, олардың әрқайсысының химиялық атауы бар және көпшілігінде — латын әліпбиімен белгіленген әріптік белгілері бар.
Кейбір дәрумендер ағзада синтезделмейді және қорға кетпейді, сондықтан міндетті түрде тағаммен бірге енгізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |