«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Еуропалық Ағартушылық философиясы



Pdf көрінісі
бет39/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

Еуропалық Ағартушылық философиясы 
Ағартушылықтың тарихи типтерінің ортақ қырлары.
Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде қоғамның 
генезисі және мәні туралы. Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен 
құқықтың алдында тең болу. Жан-Жак Руссоның қоғамдық келісімшарт 
теориясы. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы. 
«Энциклопедияны, немесе ғылымдардың, өнерлер мен қолөнерлердің 
Түсіндірме сөздігін» жасау. Клод Адриан Гельвеций, Жюльен Оффрэ 
Ламетри және Поль Анри Гольбахтың материализмі. Ағартушылық – 
әлеуметтік прогресс жолы. 
Неміс классикалық философиясы 
Ағартушылық идеялардың классикалық неміс философиясының 
қалыптасуына әсері. Иммануил Канттың трансценденталды философиясы – 
таным теориясы. Канттың субъектінің танымдық қабілеттерін сынауы. 
Адамның ақыл-ойының заңдары мен шекараларын анықтау. Антиномиялар
туралы ілім. Канттың бұлжымайтын кесімді императиві –адамның
практикалық ақыл-ойының көрінісі. Канттың құқық философиясы.
И.Фихте: «Меннің» автономдығы». Адамның ойлау қызметінің 
шығармашылық 
табиғатын 
ашу. 
Шеллинг:объективтілік 
пен 
субъективтіліктің тең келуі философиясы – тіршілік атаулының бастапқы 
негізі. Өнер дегеніміз ашылу. 
Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің диалектика туралы ілімі. Гегель 
ғылыми категориялардың объективтілігі туралы. Абсолютті идея – біртұтас 
әлемдік ақыл-ой. Болмыс пен ақыл-ойдың тең келуі. Гегель логикасының 
ерекшелігі. Ұлттық рух – тарихи дамудың қозғаушы күші.
Людвиг Фейербахтың антропологиялық материализмі. Махаббат діні 
теориясы. Махаббат – ақыл-ой мен табиғаттың әмбебап заңы.
ХVIII ғ.соңы – ХХІ ғ. басындағы шетел философиясы 
Карл Маркстің ілімі – Фейербахтың гуманизмін әлеуметтік 
сараптаумен ұштастыру. Жаттану концепциясы. Еңбектің жаттануы – 
қоғамдағы саяси, құқықтық, экономикалық және адамгершіліктік 
жаттанудың негізі. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну: материалдық 
өндіріс – жалпы қоғамның даму үрдісінің негізі. Қоғамдық-экономикалық 
формациялар теориясы. Фридрих Энгельс диалектиканың негізгі заңдары 
және материя қозғалысының формалары туралы.


43 
Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін 
өзгертуді жариялау. Огюст Конт: философия – жаратылыстану
ғылымдарының жетістіктерін жалпы қорытындылаумен айналысатын 
синтетикалық ғылым. Джон Стюарт Милльдің танымның индуктивтік 
логикалық әдістерін дамытуы. Герберт Спенсер биологиялық дүниеде 
эволюциялардың бар екендігі идеясы туралы. 
Позитивизмнің екінші кезеңі – махизмнің негізгі мәселелері. Эрнст 
Мах пен Рихард Авенариустің эмпириокритицзмі және субъективті 
идеализмі. Анри Пуанкаренің конвенционализмі. Неокантиандық –
Канттың трансценденталдық идеализмі – ментанушы ақыл-ойдың 
жаратылыстану мен қоғамтанудағы рөлінің қайта өркендеуі. Марбург және 
Баден неокантиандық мектептері. 
Герменевтика – түсінудің жалпы теориясы. Фридрих Шлейермахер: 
«түсінбеу – іргелі феномен». Вильгельм Дильтей: «рух туралы 
ғылымдардың» теориялық негіздерін жасау. Эдмунд Гуссерльдің 
феноменологиясы. Ханс Георг Гадамер: түсіну – әлеуметтік болмысты 
түйсінудің 
қажетті 
шарты. 
«Өмір 
философиясының» 
қалыптасу 
алғышарттары. Артур Шопенгауэрдің пессимистік философиясы: әлем – 
ойсыз ерік және соқыр күш. Фридрих Ницше христиандық құндылықтар 
туралы. Жоғары адам туралы ілім. Анри Бергсон мәнге жетудегі 
интуицияның ролі туралы. 
Логикалық позитивизм, аналитикалық философия – позитивизмнің
үшінші кезеңі. Вена философиялық үйірмесі: философия – табиғи және 
жасанды тілдерді сараптауға бағытталған қызмет түрі.
Постпозитивизм кез-келген ғылыми білімнің гипотетикалық сипаты 
туралы. Карл Поппер: ғылыми тұжырымды демаркациялау және
фальсификациялау принциптері. «Ашық қоғамдағы ашық ғылым». Имре 
Локатостың ғылыми-ізденістік бағдарламалар концепциясы. Томас Кунның 
ғылыми революциялар теориясы. Марк Полани: тұлғалық білім – ғылыми
прогресс негізі. 
Экзистенциализмнің 
қалыптасуының 
әлеуметтік-философиялық 
алғышарттары. Серен Къеркегор: адам – әлемдік эволюцияның мақсаты және 
мағынасы. 
Мартин Хайдеггер адамның нағыз және нағыз емес болмысы туралы. 
Жан Поль Сартр: адам – еркіндікті немесе еркіндік еместі таңдаушы жоба. 
Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі. 
Психоаналитикалық философия. Зигмунд Фрейдтің бейсана туралы 
ілімі. Карл Густав Юнг: ұжымдық бейсана және сана архетиптері. Эрих 
Фромм адамның өмір-тіршілігінің қайшылықтылығы туралы. 
Постмодернизм: субъектісіз философиялық пайымдау. Мишель Фуко 
«субъект – таным – дүние» жүйесінің элементтерінің арақатынасы мәселесін 
түбегейлі қайта түсіну туралы. Жак Деррида: деконструкция – мәтінді 
зерттеу тәсілі. 


44 
Структурализм: объектілердің тұрақты логикалық құрылымдары мен 
байланыстарын іздеу. Клод Леви Стросстың мифологиялық ойлауды 
сараптауға назар аударуы. Жан Лакан: Фрейдтің психоанализін 
структуралистік қайта қарастыру. 
Прагматизм философиясы. Чарльз Пирс рационалды білім мен ақылды 
мақсат, прагматизмнің арасындағы тығыз байланыс туралы. Уильям Джеймс: 
білімнің ақиқаттылығы оның адамдар әрекеттеріне пайдалылығымен 
анықталады. Джон Дьюидің радикалдық эмпиризм философиясы. 
Философиялық мистицизм. Е.Блаватскаяның теософиялық мистицизмі. 
Рудольф Штайнердің антропософиясы. Карл Кастанеда танымының 
интуитивтік тәсілі. 
Ресей тағдыры – орыс философиясының басты мәселесі. Орыс 
философиясының негізгі бағыттары. Орыс марксизмі. Қоғамдық-саяси 
құрылымды өзгертуге практикалық бағытталғандық – Ресей материализмінің 
ерекшелігі. Г.В.Плеханов қоғамның өндірістік күштерінің дамуындағы 
географиялық ортаның анықтаушы рөлі туралы. В.И.Ленин пролетариаттың 
революциялық күрес тәжірибесі туралы. Философиядағы екі партия – 
материализм және идеализм принципі. 
В.С.Соловьевтің соборлық философиясы және этикасы. Л.Н.Толстой 
мен Ф.М.Достоевскийдің өмірмәндік және адамгершіліктік философиясы. 
С.Л.Франк, 
Н.А.Бердяев, 
Л.Шестов, 
Н.О.Лосский, 
И.А.Ильиннің 
философиялық ілімдерінің ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет