239
2-суретке сәйкес, каллусогенез деңгейі 30℃ температурада (30% дейін) күрт өсті де-
ген қорытынды жасауға болады. Температураның жоғарылауымен және төмендеуімен
каллустың түзілу белсенділігі төмендеді, ал өсіру уақыты артты. 25℃ температурада
15-54, 8-45 линиялар ең сезімтал болып белгіленді, температураның 5℃ жоғарылауы
42/12, 201/21 және 205/21, 21/11 линияларындағы каллус шығымын 5-12% - ға арттырды.
Каллустың шығуының шамалы өсуі 229/10, 15-19 линияларда байқалды.
Тәжірибелер кезеңінде 11850 тозаңқап енгізілді, каллусогенез индукциясының
деңгейі 15,7-30%-ды құрады. Дақылдарды енгізуге ең жауап беретін линиялар: 15-59,
7-44, 15-54, 229/10, 1207, 205/21.
Барлық линиялар үшін 14 күн бойы суық өңдеу оңтайлы болды. Каллусогенезді ын-
таландыру үшін тозаңдарды өсіру үшін ең оңтайлы температура 30℃ температурамен
белгіленді. Бұл жағдайда каллус индукциясы 10-14 күннен кейін байқалды.
Зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрілігі
қаржыландыратын №BR10765056 «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық
аймақтарында оларды орнықты өндіру үшін Өсімдіктердің биотехнологиясы, генети-
касы, физиологиясы, биохимиясы жетістіктері негізінде дәнді дақылдардың жоғары
өнімді сорттары мен будандарын жасау» ғылыми бағдарламасы тақырыбы аясында
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ауылшаруашылық
биотехнологиясының ғылыми-зерттеу платформасында жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: