Секция
ЦИФРЛАНДЫРУ, АВТОМАТТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІП
КЕШЕНІН (АӨК) ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ТРАНСФОРМАЦИЯ АПК В УСЛОВИЯХ ЦИФРОВИЗАЦИИ,
АВТОМАТИЗАЦИИ И ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЕ СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО
ӘОЖ 631.3
ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЕМШӨП ДАЙЫНДАУ ЖАҒДАЙЫ МЕН СЕПКІШ
ҚҰРЫЛҒЫЛАР ЖАЙЫ
Байдаулетова М.Ж, 1-курс докторанты
Октябрь А., 1-курс магистранты
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.
Ел экономикасында агроөнеркәсіптік кешеннің (ары қарай АӨК) маңызды
рөл атқаратыны бәрімізге аян. АӨК-нің дамуы елдің тұрақты дамуын теңестіреді,
еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, қарапайым халықтың өмір сүру деңгейін
жақсартады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамның еңбек өнімділігін артты-
ру; өнімдердің экспортын ұлғайту; инвестицияларды көптеп тартып, көлемін өсіру; ауыл
шаруашылығына бөлінетін кредитік қаржыны көбейту болып табылады. Міндеттеріне
келетін болсақ - өндірілген азық-түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ысырапқа жол
бермей оның нарығын қамтамасыз ету, экспортқа шығару жолдарын дұрыс жолға қою; су
мен жерді тиімді пайдалануды арттыру; ауыл шаруашылық саласындағы ғылым жолын
дамыту, жаңа технологияларды ендіру, техникамен қамтамасыз ету; сандық (цифрлық)
технологиялар көмегімен салалық мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну болып табы-
лады [1].
АӨК-ді дамытудың ұзақ мерзімді салалық бағдарламасында (2027 жылға дейінгі)
негізгі приоритетті (басымдылықты) салалардың бірі суармалы жерлер мен өсімдік
шаруашылығы бағыттары болып отыр. Төменде ауыл шаруашылық дақылдарының еліміз
бойынша нақтыланған егіс алқаптары бойынша мәліметтері (кесте 1) және соған сәйкес
графигі берілген (1 сурет ). Аталған мәліметтер 1991 - 2022 жылдар аралығын қамтыған.
1 кесте - Ауыл шаруашылық дақылдарының нақтыланған егіс алқабы
Жылы
Барлығы,
мың гектар
Мал азығы дақылдары,
мың гектар
Басқалары,
мың гектар*
2018
21899,4
3323,2
18576,2
2019
22135,8
3277,2
18858,6
2020
22341,4
3289,4
18965,5
2021
22589,5
3297,9
19052,3
2022
22846,8
3304,3
19233,5
Ескерту: Басқалары (мың гектар), мұнда дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақты
дақылдар, майлы дақылдар, мақта, қант қызылшасы, темекі, картоп, ашық топырақта
өсірілген көкөністер, бақша дақылдары жатады.
5
2027 жылға дейінгі АӨК-ді дамытудың ұзақ мерзімді салалық бағдарламасында жай-
ылымды тиімді пайдалану, жемшөп өндірісін дамыту үшін суармалы жайылым көлемін
ұлғайту жағы қарастырылатын болады. Сонымен қатар жемшөп базасын жасауда,
соның ішінде, суармалы жайылымды дамытуда бөлінген жер көлемін 2022 жылға 2 млн
гектарға дейін жеткізу болса, ал 2030 жылға қарай 3 млн гектарға дейін жеткізу болып
табылады. Осы бағдарламаның орындауда келесі міндеттері белгіленген: өнімнің сапа-
сын жақсарту, тыңайтқыштарды өсімдік өсіру саласына енгізу, қарқынды түрде суарма-
лы жерлерді енгізіп, ылғалды ресурсжинақтаушы технологияларды іс жүзінде қолдану
болып табылады [2].
АӨК-ді дамытудың 2022 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында бер-
ген мәліметтерді ескере отырып, жемшөп дақылдары бойынша егіс алқаптарының
қысқарғанын көріп отырмыз: көпжылдық түрінің 2,3 млн гектардан 1,4 млн гектарға,
біржылдық түрінің 2,2 млн гектардан 105 мың гектарға, жүгерінің 1,5 млн гектардан 39,0
мың гектарға дейін. Мал түрінің қайсысы болса да санын арттыру заман талабы, АӨК - ді
дамытудың алға қойған мақсат пен міндеттерінің бірі. Жемшөп базасын жасауда жемшөп
дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту, өнімділігін арттыру мен сапасын жақсартуда
барлық агротехникалық талаптарға сай малдың азықтық дақылдарын өсіруде жерді
өңдеуден бастап, өнімді жинап - сақтауға дейін қатысатын барлық механизмдер мен ма-
шиналар жасау, олардың белгілі бір бөлшектерін жетілдіру бойынша кешенді жұмыстар
жүргізу қажеттілігі туып отыр [4].
Ауыл шаруашылығындағы машинаның өнеркәсіптегі машинадан айырмашылығы,
мұнда машина тірі табиғатпен тікелей байланыста болады. Машиналармен өңделетін ма-
териал немесе орта - бұл өсімдіктер, тұқымдар, әр түрлі тірі организмдер мекендейтін
топырақ және т.б. объектілер болып табылады. Сондықтан да жаңа машиналар жа-
сау кезінде мәдени өсімдіктердің технологиялық қасиеттері мен агробиологиялық
ерекшеліктері, топырақ-климаттық жағдайлары мен жұмысты орындайтын мерзім
уақыты ескеріледі. Машиналарды сәтті пайдалану үшін өсімдіктерді өсірудің машиналық
технологиясына бейімделуі де маңызды. Бұл талап ауылшаруашылық дақылдарының
жаңа сорттарын әзірлеу және аудандастыру кезінде де ескеріледі [5].
Ауыл шаруашылық машиналар жүйесі (АШМЖ) дегеніміз - ауыл шаруашылығында
қолданылатын машиналар кешенін айтамыз және ол көптеген түрлерге жіктеледі: жерді
негізгі өңдеуге және өңдеуге арналған құралдар; тыңайтқыштарды енгізуге арналған
машиналар; ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерін себуге және отырғызуға арналған
машиналар; дақылдарды күтуге және өсімдікті қорғауға арналған машиналар; мал
азығын дайындауға арналған машиналар; дәнді дақылдарды жинауға арналған машина-
лар; астықты тазартуға және сұрыптауға арналған машиналар; дәнді кептіргіштер, агре-
гаттар мен егін жинаудан кейінгі астықты қайта өңдеуге арналған кешендер; картопты
жинауға және жинап алғаннан кейін аяқтауға арналған машиналар; қант қызылшасын
өсіруге және жинауға арналған машиналар; зығыр өсіруге және жинауға арналған ма-
шиналар; көкөніс дақылдарын өсіруге және жинауға арналған машиналар; бақтар мен
жүзімдіктерге арналған машиналар; сұрыптау (селекциялау), сортты сынау және алғашқы
тұқым өндіруге арналған машиналар; шағын көлемді техника мен шағын көлемді меха-
низация құралдары; суаруға арналған машиналар; мелиоративтік машиналар және т.б.
[6].
Ауыл шаруашылық машиналар жүйесінің үлкен бір тармағы ауыл шаруашылық
дақылдары өнімдерін себуге арналған машиналар (құрылғылар) болып табылады.
Алғашында ондай машиналар астық тұқымын себуге арналып жасалған болатын, алай-
да әмбебап, бірыңғай себу құрылғыларына деген сұраныс туындап, алғашқылары жа-
сала бастады, мысал ретінде 1950 жылдары құрастырылған 24 - қатарлы СУ - 24 астық
себуші құрылғысын (1 сурет, а), 1958 жылдан кейін ендірілген бастырмалы (шатыр-
6
лы) сепкіштерді атауымызға болады. Олардың базалық түрлеріне СЗН-10.........СЛН-48
құрылғылары кіреді. Соңғыларының кемшіліктеріне, сонымен қатар, әмбебаптылық
пен бірыңғай себу құрылғыларына деген сұраныстың өсуіне байланысты, осы саладағы
ғалымдар мен инженерлердің ізденістерінің нәтижесінде барлық жұмыс органдарының
дизайны жақсартылған, пневматикалық дөңгелекті, тұқым сепкі түренін гидравликалық
көтергішті себу құрылғылары дүниеге келді. Негізгі модель 1971 жылы өндіріске
енгізілген С3 - 3,6 сепкіші болып табылады (1 сурет, б). Осы сепкіштің бірнеше моди-
фикациясы болды, мысал ретінде келесілерді келтіруге болады: СЗА-3,6 - анкерлі, СЗЛ-
3,6 - зығырға арналған, , СЗТ-3,6 - дәнді дақылды және шалғынды шөптерге арналған,
СРН-3,6 - күрішке арналған және т.б. 1980 жылдың ортасында бұрыңғы КСРО - да астық
сепкіштердің жаңа ұрпағы өндіріске келді: кең ауқымды пневматикалық аңыздық тұқым
сепкілер СЗС-14 пен СЗС-8; кең ауқымды қопсытқыш сепкіштері СЗС-12 және СЗС-6;
жаңартылған СРН-3.6A күріш сепкіші; техникалық қызмет көрсетуді жеңілдету және
сенімділік пен сапаны жоғарылату үшін қайта жаңғыртылған С3-3.6 тұқым сепкіштері
және т.б. [7].
1 сурет - СУ - 24 астық себуші құрылғысы (а) және әмбебап С3 - 3,6 сепкіші (б)
Себудегі технологиялық процесс күрделі конструктивті сүйемелдеуімен сипатта-
лады және өсірілген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігіне айтарлықтай әсер
етеді. Аталған бағыттағы ағымдағы тұқым сепкіштердің белгілі конструкциялары
элементтері бойынша технологиялық процестерге жүргізілген талдау көрсеткендей
бүкіл жүйе жұмысындағы өзгерістер мен тұрақсыздықты себу құрылғысы (аппараты)
алып келетіндігі дәлелденген [8].
Себу аппараты дегеніміз (тұқымдар үшін) бункерден топталып шыққан тұқымдарды
ұстап, жеке (дара) немесе топпен оларды бір жолға (қатарға) қоятын тұқым сепкіштің
механизмі болып табылады [9].
Себу қондырғысы (аппарат) - сепгіштің жауапты элементтерінің бірі болып табы-
лады, яғни егілетен материалды біркелкі өлшеп (дозалап) және оны әрі қарай тұқым
сепкі түрені тобына жеткізу болып табылады Себу қондырғысының (аппаратының)
оңтайлы технологиялық құрылымдық параметрлері мен жұмыс режимін негіздеп
таңдау ауыл шаруашылық материалының (дақылының) физикалық - механикалық және
технологиялық қасиеттеріне тікелей байланысты болып табылады [8].
Қазіргі таңда ТМД - елдерінде, оның ішінде ЕАО мемлекеттері нарығында СЗ типті
және оның модификациясына ұқсас кең тараған моноблокты сепкіштермен қатар,
орталықтандырылған себу қолданылатын сепкіштер және тұқымдарды пневматикалық
түрде тасымалдайтын егістік кешендері де қолданыста. Кейбір шаруашылықтарда
кеңестік заманнан қалған сепкіш құрылғылары әлі де қолданыста. Сонымен қатар, жаңа
типті шаруашылықтарда заманауи шетелдік әртүрлі себу машиналары да пайдалануда
[7].
Сонымен қазіргі кезде, еліміздің ауыл шаруашылық мекемелерінде, шаруа
қожалықтарында әртүрлі типті, жақын және алыс мемлекеттерде шығарылған сепкіш
құрылғылар (машиналар) қолданыста. Олардың кейбірі келесі 2 суретте берілген [10,11].
7
2 сурет - СЗМ NIKA - 4 (Украина) тіркемелі механикалық астық себу құрылғысы (а),
СПУ-6 (Белорусь) әмбебап себу құрылғысы (б),
СЗ 5,4 (Түркия) астық сепкіш құрылғысы (в)
Жоғарыда беріліп кеткендей соңғы жылдары себу жүйелері механикалық
түрінен пневматикалық қағидатқа негізделген түріне ауысу тенденциясы байқалады.
Пневматикалық сепкіш жүйелерінің жұмыс істеу принципіне тұқымдарды тарату және
тасымалдау ауа ағынының көмегімен немесе вакуумдық соруға негізделген. Мұндай
жүйелер бірқатар артықшылықтарға ие, атап айтсақ: тұқымдардың зақымдалу (ұсақталу)
пайызының төмендеуі, трактор жылдамдығы мен дозаланған материалдың тұқым желісі
арқылы тұқым сепкі түрені тобына дейінгі жүру жылдамдығының компенсациясы [8].
Барлығымызға белгілі, еліміздің климаттық жағдайы әрқилы, біз қарастырып
отырған Қазақстанның солтүстігінде негізінен келесі мал азықтық дақылдар өсіріледі:
көпжылдық бұршақ тұқымдастар (жоңышқа, эспарцет, тәтті беде); көпжылдық жарма-
лар (бидайық шөбі, сүйексіз бел, тамырсыз бидайық, сұр бидай шөптері); бір жылдық
бұршақ тұқымдастар (пелуш, жемдік люпин, ноқат, дала бұршақтары); біржылдық дәнді
дақылдар (судандық шөп, могар, чумиза, бір жылдық қара шөп, жемдік тары) және т.б.
[12].
Көп дақылдар тұқымдарының сусымалылығы нашар болып келеді, бұл кемшілік
тұқымды егуде кедергі келтіреді. Күрделі сусымалдылықты жемшөп дақылдары
тұқымдарының вибрациясыз өздігінен ағу жылдамдығы 0,116 - дан 0,176 м/с-қа дейінгі
аралықты құрайды, бұл олардың бункерден мәжбүрлі күш жұмсамай ағуына жеткіліксіз
болып табылады [13].
Сонымен қатар Қазақстанда күрделі сусымалдылықты немесе сусымалдығы мүлдем
жоқ тұқымдарды себуге арналған арнайы сепкіштер (себу құрылғылары) шығарылмайды,
оларға деген сұраныс негізінен сериялық кең тараған астықты себуге арналған (СЗ-3,6
және СЗП-3,6), астықты - шөпті тұқымдарды себетін (СЗТ-3,6 және СЗУ-3,6), шалғынды
шөпті тұқымдарды себуге лайықталған (СЛТ-3,6) және басқа да себу құралдарын
қайта жабдықтау арқылы қанағаттандырылады. Келтірілген тұқым сепкіш жүйелердің
барлығы Қазақстанның табиғи - климаттық жағдайларына бейімделмеген. Аталған
сепкіш жүйелерге көптеген себу аппараттары құрастырылып, өндіріске енгізілген,
алайда олардың көпшілігі күрделі сусымалдылықты немесе сусымалдығы мүлдем жоқ
тұқымдарды себуде қажетті агротехникалық талаптарға жауап бермейді. Талаптардың
негізгілеріне - себу нормасы, себудің тұрақсыздығы мен біркелкі еместігін айтуымызға
болады [14].
Шөп тұқымдарын себуге арналған себу аппаратының негізгі конструктивтік
және технологиялық параметрлерін жобалау және негіздеуде осы бағыттағы ғылыми
жұмыстарды ескере отырып, келесідей тұжырым жасауға болады [8]:
- себу аппаратының параметрлерін тиімдендіру - себу процесі технологиясын сапалы
орындауға бағытталады;
- келесідей технологиялық - конструктивті параметрлер тиімдендірілуі мүмкін: бун-
кер корпусының параметрлері; себу дискісінің геометриялық параметрлері; жұмыс
бетінің сипаттамалары (үйкеліс коэффициенті, себу ұяшықтары диаметрі және олардың
8
саны) мен жұмыс режимдері (себу дискісінің айналу жиілігі, себу құрылғысының
пневматикалық жүйесі тудыратын ауа қысымы).
Достарыңызбен бөлісу: |