Тест молекулалық генетика тұқым қуалау ақпаратының жалпы тасымалдау типтерін анықтаңыз



Дата27.04.2020
өлшемі19,83 Kb.
#64905
Байланысты:
ACEM TEST


ТЕСТ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ГЕНЕТИКА

1.Тұқым қуалау ақпаратының жалпы тасымалдау типтерін анықтаңыз:
А.ДНҚ-ДНҚ; ДНҚ- а-РНҚ; ДНҚ-ақуыз
В.ДНҚ-а-РНҚ; РНҚ- а-РНҚ; РНҚ-ДНҚ
С.ДНҚ-ДНҚ; ДНҚ-а РНҚ; а-РНҚ- ақуыз
D.ДНҚ-ақуыз; а-РНҚ-ДНҚ; а-РНҚ-ақуыз
Е.РНҚ-РНҚ; ДНҚ-ақуыз; ДНҚ- а-РНҚ

2. ДНҚ молекуласы ұштарының толық репликацияланбауы тән:

А. сақиналы ДНҚ – ның, теломерлік, эухроматиндік бөліктеріне
В. сызықты ДНҚ – ның теломерлік, эухроматиндік бөліктеріне
С. сызықты ДНҚ – ның теломерлік, гетерохроматиндік бөліктеріне
D.тері, шаш, бүйрек жасушаларына
Е. сомалық жасушаларға, эухроматиндерге, гетерохроматиндерге
3. Теломеразалық белсенділік тән:
А. прокариоттық жасушаларға
В. эукариоттардың сомалық жасушаларына
С. сақинала ДНҚ молекуласына
D. жүйке жасушаларына
Е. ісік жасушаларына
4. РНҚ – полимеразаның сигма-суббірлігің атқаратын қызметі:
А. геннің транскрипциясының басында, жалғастыруда, терминациялауда
В. геннің трансляциясында, репликацияда, транскрипцияда
С. геннің транскрипциясының басында промоторды тану және байланысу
D. геннің транскрипциясын бастау, жалғастыру, аяқтау
Е. а – РНҚ –ның пісіп – жетілуін бастау, жалғастыру
5. РНҚ – полимеразаның кор-ферментің атқаратын қызметі:

А. геннің транскрипциясының басында, жалғастыруда, терминациялауда

В. а –РНҚ синтезделуін жалғастыру, аяқтау

С. а – РНҚ пісіп – жетілуін жалғастыру, аяқтау

D. промотормен байланысып транскрипцияны жалғастыру және а-РНҚ-ның пісіп жетілуі

Е. транскрипцияны бастау, жалғастыру және а-РНҚ пісіп – жетілуі

6. ДНҚ – ның лидерлік тізбегінің синтезделуі сипаталады:

А. бір праймердің синтезделуі мен әрі қарай жаңа тізбектің үздіксіз синтезделуімен

В. бір праймердің синтезделуі және ары қарай Оказаки кесінділерінің синтезделуі

С. бірнеше праймердің синтезделуі және жаңа тізбектің ары қарай үздіксіз синтезделуі

D. бірнеше праймердің синтезделуі және ары қарай Оказаки кесінділерінің синтезделуі

Е. праймерлер синтезделместен ДНҚ – полимеразаның жаңа тізбекті синтезде

7. Репликациялық айыр аймағында қызмет атқаратын ферменттік комплекстер

құрамына кіреді:

А. хеликазалар, SOS – ақуыздар, топоизомеразалар

В. хеликазалар, SSB – ақуыздар, тополигазалар

С. хеликазалар, эндомеразалар және топоизомеразалар

D. хеликазалар, SSB – ақуыздар, топоизомеразалар

Е. хеликазалар, SNP-ақуыздар және лигазалар

8.Жасушалар ұрпақтарында хромосомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз

ететін процесс:

А. репликация, транскрипция, екі еселенген хромосоманың трансляциясы

В. репликация, репарация, екі еселенген хромосоманың репрессиясы

С. репликация, хромосоманың екі еселенуі, екі еселенген хромосомалардың ажырауы

D. репликация, хромосоманың үш еселенуі, трансляция

Е. репликация, регенерация, екі еселенген хромосоманың репарациясы

9. ДНҚ-ын секвенирлеу:

А.ДНҚ-дағы нуклеотидтер қатарларын анықтау процесі

В.РНҚ-дағы нуклеотидтер қатарларын анықтау процесі

С.гендерді бөліп алуға қажет

D.рекомбинантты геномдарды құрастыруға қажет

Е.полипептидтік тізбек молекуласының нуклеотидтерін идентификациялауға қажет

10. Полимеразалық тізбектік реакция (ПТР):

А.бактерия жасушаларынан ДНҚ фрагментінің көп мөлшерде көшірмелерін алу әдісі В.жасушаның көп мөлшердегі көшірмелерін алу әдісі.

С.ДНҚ молекуласының фрагменттерін амплификациялау процесі

D.рекомбинантты геномдарды алу процесі

Е.ДНҚ нуклеотидтік қатарларын анықтау процессі

11. Геном –бұл:


А.сома жасушаларындағы генетикалық материал
В.соматропты жасушаларындағы генетикалық материал
С.бір ДНҚ молекуласындағы гендер жиынтығы
D.хромосомалардың гаплоидтық жинағындағы гендер жиынтығы
Е.хромосомалардың диплоидтық жинағындағы гендер жиынтығы

12. Гендерді тасымалдаушы (вектор) қызметін атқара алады:


А.жануарлар, өсімдіктер және вирус жасушалары
В.бактериялар, вирустар, сомалық жасушалар
С.плазмидалар, векторлар, фагтар
D.өсімдік, жануарлар жасушалары, фагтар
Е.Эмбриондар, вибриондар, плазмидалар
13.ДНҚ секвенирлеу қолданылады:

А. ДНҚ көлемін анықтау үшін


В. геннің көлемін анықтау үшін
С. геннің аминқышқылдық қатарын анықтау үшін
D. геннің нуклеотидтік қатарын анықтау үшін
Е. геномның қайталанатын қатарларын анықтау үшін
14. Комплементарлы ДНҚ дегеніміз:
А. ДНҚ нуклеотидтер қатарына комплементарлы а-РНҚ молекуласы
В. ДНҚ нуклеотидтер қатарына комплементарлы ДНҚ молекуласы

С. а - РНҚ нуклеотидтер қатарына комплементарлы ДНҚ молекуласы



D. р - РНҚ нуклеотидтер қатарына комплементарлы ДНҚ молекуласы
Е. жасанды жолмен синтезделген ДНҚ молекуласы
15.Ақпаратты РНҚ (а-РНҚ) пайда болады:
А.ДНҚ репликациясы нәтижесінде
В.ДНҚ трансляциясы нәтижесінде
С.ДНҚ трансдукциясы нәтижесінде
D.ДНҚ транскрипциясы нәтижесінде
Е.ДНҚ трансформациясы нәтижесінде
Жауабы:1.B;2.C;3.A;4.E;5.E;6.C;7.B;8.A;9.A;10.D;11.D;12.A;13.B;14.E;15.D.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет