Қазақстан республикасы ауыл


ӘОЖ 619:636.3(574.3)(045)



Pdf көрінісі
бет36/164
Дата04.11.2023
өлшемі5,46 Mb.
#189541
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164
Байланысты:
СЧ 2023 том 1 часть 2

ӘОЖ 619:636.3(574.3)(045)
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОЙ ІШЕГІ 
БИОЦЕНОЗЫНДАҒЫ ГЕЛЬМИНТТЕР ҚҰРАМЫ 
Елемесова Б., 2 курс докторанты
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
 Астана қ.
Қой шаруашылығы ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі болып табы-
лады, оның дамуы малдың әртүрлі ден-саулық мәселелеріне, әсіресе, гельминтоздардың 
таралуына байланысты тежеледі. Осы паразитоздар жануардың өліміне немесе 
өнімділігінің төмендеуіне себеп болып, үлкен экономикалық зиян келтіреді [1, 2, 3].
Гельминттердің қой шаруашылығына келтіретін орасан зор шығынына қарамастан, 
олардың ас қорыту жолдары биоценозындағы рөлі жеткілікті зерттелінбеген.
Осыған байланысты жұмысымыздың мақсаты Орталық Қазақстандағы ішек-қарын 
трактысында кездесетін гельминттердің түрлік құрамын зерттеу болды.
Материалдар мен әдістер. Зерттеулер 2021-2022 жылдары Орталық Қазақстанның 
әртүрлі шаруашылықтары мен жеке шаруа қожалықтарының қойларын жеке 
қасапханаларда сойылған кезде жүргізілді. Гельминттердің түрлік құрамы Скрябин 
әдісімен (1928) әртүрлі жастағы 49 қойдың ас қорыту жолдары толық гельминтологиялық 
жарып-сою нәтижелері бойынша анықталды. Паразиттерді туысқа және түрге дейін 


82
анықтау классикалық тәсілмен морфологиялық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы 
анықтауыш кестелер көмегімен жүргізілді [4, 5]. 
Алынған сандық көрсеткіштердіңстатистикалық өңделуі Excel кестесінде жасалын-
ды.
Нәтижелер және талқылау. Зерттеу барысында төмендегі гельминт түрлері мен ту-
ыстары: 
Trichostrongylidae spp., Trihuris ovis, Skrjabinema ovis
және
Moniezia spp.
(1-5 
суреттер) табылды. 
1 кесте - Орталық Қазақстандағы қойдың гельминттермен залалдану көрсеткіштері
Жеке 
шаруа-
шылық
Зерте-
лінген 
қой 
саны
Trihuris ovis (дана)
Skrjabinema ovis 
(дана)
Trichostrongylidae
spp.
Monieziaspp.
са-
ны
ИЭ*, 
%
ИИ*, 
экз
са-
ны
ИЭ*, 
%
ИИ*, 
экз
са-
ны
ИЭ*, 
%
ИИ**, 
экз
са-
ны
ИЭ*, 
%
ИИ**, 
экз
1
14
5
35.7 4±0,2
-
-
-
9
64.3 96±3,8
8
57.1
3±0,3
2
18
9
50.0 13±0,2
3
16.6 5±0,2 12
66.7 83±3,4
3
16.6 4±0,01
3
17
5
29.4 9±0,8
1
5.8 2±0,1
7
4.1
42±1,2
3
17.6
7±1,0
Барлығы
49
19
38.7 9±0,7
4
8.2

28
57.1 75±3,2 14
28.5
5±0,6
ИЭ – инвазия экстенсивтігі
ИИ – инвазия интенсивтігі
Сойып-зерттеу нәтижесінде инвазия экстенсивтігі 
Trihuris ovis 
38.7%, 
Skrjabinema 
ovis
8.2%, 
Trichostrongylidae spp
57.1% және 
Moniezia spp.
28.5 % анықталды.
1 сурет - 
 Trihuris ovis
б) 
Skrjabinema ovis
2 сурет - 
Trichostrongylidae 
spp.
аналығының микроскоп 
арқылы көрінісі
3 сурет - Ұлтабардағы 
Trichostrongylidae spp. 
көрінісі
4 сурет -
 Мonieziaspp.
a – ішектегі локациясы; b – жетілген цестодалар
Тrichostrongylidae тұқымдасына жататын ас қорыту жолдары стронгиляттарының төрт 
туысы анықталды: 
Nematodirus spp., Trichostrongylus spp., Haemonchus spp., Ostertagia 
spp.


83
5 сурет - 
Trichostrongylidae 
туысына жататын гельминттер
a –
Nematodirus spp
.; b – 
Trichostrongylus spp
.; c – 
Haemonchus spp.
; d – 
Ostertagia spp.
2 кесте - Қой гельминттері орыны

Гельминт түрлерінің 
атауы
Гельминттердің орналасу орыны
ұлтабар
ащы ішек
тоқ ішек
1
Nematodirusspp.
+
-
2
Trichostrongylusspp.
+
+
-
3
Haemonchus spp.
+
+
-
4
Ostertagiaspp.
+
-
Жоғарыда көрсетілген гельминттер түрлері 
Trichostrongylus spp., Haemonchus spp. 
және 
Ostertagia spp. 
ұлтабарда көп кездесті. 
Инвазияның қарқындылығы көп жағдайда орташа болды (11-96 дана) және бір қойдың 
ас қорыту жолында паразиттік стронгилята түрлерінің санына байланысты болды. Соған 
қарамастан, залалдану популяцияда 
Nematodirus spp., Trichostrongylus spp., Haemonchus
spp. 
және 
Ostertagia spp. 
қойлардағы инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігінің 
жоғары мәндерімен ұсынылғаны атап өтілді.
Әртүрлі мал шаруашылығында жүргізу жүйесіндегі облыстар мен аймақтардағы 
жеке шаруашылықтардың қойларының ішек гельминттарымен зақымдану дәрежесі 
климаттық, географиялық факторларға, сондай-ақ қой өсіру технологияларына байланы-
сты болды деп болжаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет