— 49 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
Массаж бизнесі
Массаж бизнесі – бұл массаж қызметін
өндірушінің жоғары кәсібилігімен үйлескен
бизнес иесінің іскерлік кәсіпкерлік қасиеттері мен
ұйымдастырушылық қабілеті маңызды қызмет түрі.
Массаж бизнесі туралы тарқатып айтатын
болсақ, онда бірден бірқатар
жағдайларды ескеру
керек.
Массаж бизнесін ашуға ниеттенген кәсіпкер
үшін бұл бизнес-жоба, менің ойымша, алғашқы
уақытта біраз қиындықтар тудырады .
Бизнестің бұл
түрі қолдану саласымен (медицина, спорт, космето-
логия, СПА және т.б.), құқықтық реттеу ерекшелік-
терімен, сұраныс маусымымен және т. б. байланысты
өзіндік ерекшеліктерге ие. Бастапқы кезде бірнеше
кабинеттерден тұратын жеке салонға бағдарланып
жұмыс жасау қажет. Екінші мәселе – қызметкерлерді
іріктеу. Ашылатын салонда жеткілікті
кәсіби персонал
және сауатты басқарушы болуы тиіс. Әйткенмен
жақсы мамандар тиісті қаражатты талап етеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,
массаж бизнесін нөлден бастауға (ең аз салыммен)
әлеуетті бәсекеге қабілетті адам ғана аша алады
деп ойлаймын. Ал нағыз бәсекеге қабілеттілікті
арттыру үшін көрсететін қызметтің өзін сапалы қылу
жеткіліксіз. Оны нарықта лайықты көрсете білуіміз
керек.
Сонымен келесідей жоспарлар құрып алған жөн:
•
орынжай;
•
қандай массаж қызметтері көрсетілетін болады
(мысалы, емдік массаж, косметология, СПА және