— 47 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
Франшиза
Жаңа терминдердің бірі болғанымен, ел
арасында етек жайып келе жатқан бизнес түрі.
Нақтылап түсіндіретін болсақ. Нарық заманында та-
уар өндіруші ірі компаниялар
өздерінің тауарларын
сатудың жаңа әдісін пайдаланады. Олар өздеріндегі
дайын бизнес тұжырымдаманы сату арқылы, сатып
алушыға сол аймақта
фирманың тұжырымдама-
сын қолдана отырып, бизнесті іске асыруына мүм-
кіндік береді. Бұл жүйе франчайзинг деп аталады.
«Франчайзинг» термині француз тілінен аударғанда
«franchise» - жеңілдік, артықшылық
деген мағынаны
білдіреді. Сонымен, франчайзинг дегеніміз - айрық-
ша құқық кешенінің құқық иеленушісі.
Франчайзинг – бұл бренд пен бизнес-жүйесін са-
тудағы табыс табу әдісі. Бұл жердегі «франчайзер»
– франшиза беруші, лицензиар,
бас кәсіпорын иесі,
ал «франчайзи» – франчайзиат, франшиза алушы,
лицензиат, фирманың тұжырымдамасын сатып
алушы.
Барлық франчайзингтік
мәмілелер обьектілері
бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:
1. Тауарлық франчайзинг;
2. Өндірістік франчайзинг;
3. Іскерлік франчайзинг.
Енді, франшизаның артықшылықтары мен
кемшіліктеріне тоқталайық.