— 62 —
Б
аспана жайлы
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
Шикізат пен дайын өнімді сақтауға ерекше
назар аудару керек. Жүгері кеуіп кетпеуі үшін жабық
пакеттерде сақтаған жөн.
Дайын өнімді өткізу.
Попкорнның дәмі ғана
емес, оның сыртқы қаптамасы да өте маңызды. Түрлі
дизайндағы пакеттер, қорапшаларды пайдалану
арқылы өз саудаңыздың түсімін көбейтуге болады.
Starbucks-тағыдай қорап сыртына сатып алушының
есімін жазып берсеңіз, бұл да бір ерекшелік болады.
— 63 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
Көшірме орталығы (копицентр)
Көшірме орталығы – бұл бастаушы кәсіпкерлер
үшін тамаша идея. Ол үшін кем дегенде: жақсы орын,
қаржы және кеңсе техникасын пайдалана білу қажет.
Көшірме орталығы – кез келген адам аша алатын
қарапайым және тиянақты бизнес. Сізге үлкен
салымды салудың қажеті жоқ, және одан кейінгі
жұмыс та аса қатты қиындық әкелмейді. Қызмет
көрсету үшін сізге тек 2-3 құрылғы сатып алу және
орналасатын жер табу керек.
Соңғы 10 жылда копицентр бизнестің өте кең
таралған түрі болып табылады. Мұндай орталықтар-
ды әр бұрышта кездестіруге болады – дегенмен, ең
«тиімді» орындарында орналасқан, бір ғана көшірме
құрылғысы бар шағын орталықтар барлық клиент-
терге тез қызмет көрсете алмайды. Көшірме орнын
дұрыс таңдау және жұмысты дұрыс ұйымдастыру
кезінде ғана сіз нарыққа кіріп, клиент таба аласыз.
Шағын бизнестің әртүрлі нұсқаларының ішінде
копицентр ең тартымды кәсіптің бірі болып табыла-
ды. Бұл істе келесідей артықшылықтарды байқаймыз:
•
орталықты ашу үшін ең төменгі бастапқы
капитал;
•
салыстырмалы түрде аз ағымдағы шығыстар;
•
жыл бойы сұраныс;
•
рұқсат беру құжаттарының ең аз жиынтығы;
•
қызметті жүргізудің қарапайым тәсілі;
•
арнайы біліктілігі жоқ қызметкерлердің шағын
штаты;
•
копицентрдің жоғары табыстылығы;
•
бизнестің өсу болашағы.
|