— 87 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
жастар – озық ойлы орта буын, яғни миллениалдар,
әлеуметтік платформалардың ықпалымен сатып
алу туралы жиі шешім
қабылдайтынын көрсетіп
отыр. Сондай-ақ, бұл желіде әйелдер қауымы басым.
Instagram әлеуметтік желісінде 57% оқырман
аккаунтына күніне кем дегенде бір рет кірсе, ал 35%
оны күніне бірнеше рет тексереді.
Бизнес-профиль
«Instagram» әлеуметтік желісінде сіздің
бизнесіңізді тиімді жүргізуге 2016 жылы шілде айында
арнайы бизнес-профильде көптеген мүмкіндіктер
пайда болды. Бұл мүмкіндіктің басты қызметі
«Связаться» тетігі.
Яғни сіз байланыс нөміріңізді,
сайтты, электронды поштаңызды, тіпті орналасқан
жеріңіздің мекенжайына тікелей сілтеме қоюға
болады. Сондай-ақ,
сіздің оқырмандарыңыздың
белсенділігі мен қызығушылықтарын қадағалау
мақсатында арнайы статистика қызметі де бар.
Парақшаңыздағы постты қанша адам көріп, лүпіл
басып, сақтап алғандығы жөнінде толық ақпаратты
тексеріп отыра аласыз. Ал жалпылама статистикада
тіркелушілердің
жалпы санын, оқырмандар арасында
жас мөлшерін, жігіттер немесе қыздар санын,
сонымен қатар қай қаладан екенін білуге болады. Ал
сіз жариялаған посттардың ішінен апталық, айлық,
жылдық үздік постты да анықтай аласыз.
Сіздің
оқырмандарыңыздың ішінен басым көпшілігінің
талғамын, сізден қандай ақпарат күтетінін де оңай