a, b, d, e, g, і, j, k, l, m, n, ө, о, p, r, s, sh (ц), t, u, y, z, к’, h, ch (щ), tsh (ч), f, k, g’, n’ .
Әліпбиде
<ч>, <ф>, <ц>, <щ> сияқты
орыс тілі дыбыстарына таңба арналған,
<к>, <г>, <ң> фоне-
малары
к’, g’, n’ арқылы белгіленеді. Бірақ аталған әліпбиде
апостроф жіңішкелікті екінші мәрте көрсететін кезі бар:
’k’өr – көр ,
сондай-ақ басқа функцияда да
(
n’<ң> )
жұмсалды.
Шет тіл
дыбыстарына қосар таңба алынды да, бұл І түркітанушылардың
құрылтайында қабылданған қаулыға сәйкес келмеді.
Жалпы, латын жазуына көшу Орта Азия түркі халықтарын-да,
әсіресе татар халқы мен қазақ даласында бірауыздан қол-дау
тапқан жоқ. Процесс өте баяу, жай өрбіді. Сондықтан 1928 жылы
18-23 желтоқсан аралығында Қазанда жаңа түркі әліпбиі-нің
бүкілодақтық орталық комитетінің ІІІ пленумы шақыры-лады.
Қазақстаннан Асфендияров, О.Жандосов, Нұрмақов, Т.Шонанұлы,
Тоғжанов, Т.Рысқұлов сынды білімпаздар қатына-сады. Пленумда
көтерілген мәселелер негізінен латын әліпбиіне көшу баяулығы,
әзірбайжан жазуы қабылданған әліпби не-гізінде өзге түркі
халықтарының әліпбиін бірдейлестіру, жазу тарихындағы сол
дәуірді мұрағат ретінде сақтау, бас әріп мәсе-лесі, емле принципі,
фонетикалық пен морфологиялық прин-ципті қатар ұстау деген
мәселелер төңірегінде болды. Н.Ф.Яков-лев унификацияның
графикалық, фонетикалық, орфографиялық түрлері болады.
Негізгі бірлестіру фонетикалық болып табыла-ды, ол әр таңбаның
ортақ дыбыстық мағынасы бар болу деген сөз деді. О.Жандосов
Қазақстан латын жазуына көшуді кешеу-ілдетіп отырса да,
бірлестіру жағынан Әзірбайжаннан алда тұр, бірлестіру негізіне
бір жазуды алу деген дұрыс емес, өйткенде әр халық өз жазуының
дұрыстығын дәлелдейді. Толық унифика-ция жасау мүмкін емес,
дауыссыздарды да бірлестіру керек деді автор және Қазақстанда
ескі арабшылдардың күні таяды деген-ді былай білдірді: “было
время, когда казахский крестьянин по поводу любого вопроса,
имеющего большое общественное зна-чение, спрашивал, что
скажут Букейханов и Байтурсынов. Это два толпа казахского
прошлого, казахского национализма, смесь патриархальных
предрассудков
с
буржуазно-националистичес-кими
представлениями”.
Сөйтіп, 1929 жылы қазақ жазуының араб әліпбиінен латын
графикасына түпкілікті көшкенін хабарлайтын “Жаңа алфавит
туралы қаулы” шықты. Мұндағы әліпбиде 29 әріп болады (3-
кесте).
230
231