Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


> , б) фонемасынан сөз аяқталмайтыны



Pdf көрінісі
бет56/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

>
,
б) <г> фонемасынан сөз аяқталмайтыны
<үш күндік
жолдың
>
(тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз).
Бірақ қазақ жазуында қосымшалардың фонетикалық при-
нциппен жазылуы дауыссыз дыбыстардың негізгі реңкін
анықтауға кесірін тигізеді. Мысалы, емледе
қаспыз,
аразбыз
де-
генде ассимиляция таңбаланған деп қорытады проф. М.Жүсіпов
(Джусупов М. 1995:72).
Сол сияқты келесі синтагманы естігенде фонологиялық елек
позициялық өзгерістен басқасын екшеп, сүзіп қояды:
<
соңғұгүнүнде
>.
 
Фонема тізбегі жазба тілге көшу үшін фоне-ма
графемаға айналуы керек. Яғни жазба тілжүйесіндегі са-наулы
әріп таңбаларына көшу әдістері қарастырылады. Бірақ жазба
тілнормасы графемаларды тәртіпке салады. Емле ере-жесі
бойынша, семантикалық бірліктер мәтінде бөлек жазыла-ды:
<
соңғұ гүнүнде
>.
Мұның позициялық өзгеріс екенін білу үшін
әлді позицияға апарып тексереміз: <
соңғылары
>.
Алайда қазақ
тілінде ІІ-буындағы еріндік дауыстылар үшін әлді по-зиция
дүдәмал: <
соңғұ>, <өзөн>.
Ғалымдардың айтуынша,
“Шындығында дауыстыларда фонологиялық мән аз” (Леонтьев
А.А. 1963). “Дауыссыздың қасындағы дауысты сөз мағынасын
айыратын қызметінен гөрі дауыссызбен бірігіп, сөз жасайтын
қызметте келген» (Трубецкой Н.С. 1960: 107). Сөздің этимоло-
гиясын тану үшін дауыстыларын алып тастау керек (Жұбанов
Қ. 1999: 55).
Дегенмен қосымша жалғау тәсілі арқылы [соңғұ]+[лары]
соңғы буында езулік дауысты тұрғанын байқаймыз. Сөйтіп,
синтагманың қалған бөлігін осылай талдай отырып, /
үш күндік
жолдың соңғы күнінде шәкірт бала барын салды
/
 
деген тұрпат
аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет