Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет65/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

Тапсырма. Қазақ жазуындағы 
қ-к,
 
ғ-г
 дыбыстарын жеке
таңбалаудың себептері айтылған төмендегі пікірді негізге
ала отырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Қазақ тілі дауыссыздарының ішінде фонемалық статусы дау
туғызып келген
қ-ғ,
к-г
дыбыстары болды. Осыған орай
бұларға екі әріп арналу керек пе, әлде төрт әріп арналу керек пе
деген мәселе А.Байтұрсынұлы әліпбиінен де бұрынғы жазу
кезеңдерінде шықты.
Көне түркі жазуы дауыстылардың жуан-жіңішкелігін да-
уыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке таңбаларымен көрсетті.
Дауысты дыбыс әріптерінің көбейіп, дауыссыздар саны азайған
кейінгі жазу кезеңдерінде дауыссыздың екі жұбы қатар
сақталған 
қ-ғ, г-к 
әріптері болды.
94
95


Түркі халықтарының ішінде төрт таңбаны да әліпби
құрамында қалдырған қазақ графикасы болып табылады. Ал
түрік, өзбек, қырғыз, әзірбайжан, татар жазуларында бұл
дыбыстарға әліпбиде екі таңба арналған: фонемалардың жуан,
жіңішкелігі іргелес келген дауыстының әуеніне байланысты
ажыратылады.
Қазақ әліпбиінде
қ-ғ,
к-г
таңбаларының сақталуы
А.Байтұрсынұлының төте жазуынан басталады. Ғалым “қ, к, ғ,
г дыбыстары ауыздан шығу орны бір-бірінен алыстап кеткен,
бұларды бір-бірінің жіңішке түрі деу қисынсыз”, сондықтан
төрт дыбысқа төрт түрлі әріп арналсын деген. Ал
Қ.Кемеңгерұлы аталған фонемалардың өзіндік жуан-жіңішке
варианттары қалыптасып келе жатқанын айтқан.
Қырғыз тілінің әліпбиін түзген К. Юдахин: “к-қ, ғ-г ды-
быстарының айырмашылығы басқа дауыссыздардың айырма-
шылығынан ерекше емес. Егер бұларға жеке таңба берсек,
басқа дауыссыздарға да жеке таңба беруіміз керек” деп, 4
дыбыс-ты 2 таңбамен беруге болатын тілдерге қазақ, қырғыз,
ноғай, қарашай, балқар тілдерін жатқызады да, өзбек,
әзірбайжан, ұйғыр әліпбиінде 4 таңба арналу керек. Өйткені
соңғы тілдер тобында сингармонизм заңы бұзылған дейді.
Бірақ іс жүзінде керісінше болды: өзбек, қырғыз, әзірбайжан,
татар, түрік тілдері әліпбиінде екі таңба (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет