(Л.Р.Зиндер), барлық графикалық таңбалар графема болып та-
былады (Ю.С.Маслов), графема – инвариант, әріп – вариант,
гра-фема таңбалаушы мен таңбаланушының бірлігі
(В.М.Солнцев); графема графикалық жүйенің инвентарін
құрушы, фонеманың репрезентациясы, фонемамен
корреляциялық қатынаста тұратын бірлік.
Сонымен, ХХғ. аяғындағы жазу теориясы жазу бiрлiктерiн
абстракті графема мен нақты әрiпке ажыратып, жазба жүйе бір-
ліктерін жасады.
Егер бiз тiлдi таңба деп алсақ, таңбаның таңбалаушы-
таңбаланушылық сипаты тiлдiң екi жақты меже сипатына сәйкес
келетiн болса, онда ауызша тіл формасының өз мазмұн межесi мен
тұрпат межесi, жазба тілдің өзiндiк мазмұн және тұрпат ме-жесi
болады. Ауызша тілдің мазмұн межесi – дыбыс, тұрпат ме-жесi –
фонема болып табылады да, жазба тілдің мазмұн межесi
– графема, тұрпат межесi – әрiп болып шықпақ.
Б.Куртенэ айтуы бойынша, графема ауызша тілдің а) фоне-
масын, ә) фонемалар жиынтығын, б) жартылай фонеманы, в)
бiр фонема мен басқа бiр фонема элементiнiң тiркесiн бейне-
лейдi. Жазба мәтінде графема а) әрiп, ә) әрiп тiркесi, б) басқа да
графикалық амалдар арқылы көрiнедi.
Ғалым әріптер әртүрлі болып таңбаланғанмен оларды ортақ
графемасы арқылы танып аламыз. Сондықтан бір графеманың
әртүрлі формаларын бірінің орнына бірін ауыстыра береміз,
мысалы, каллиграфиялық және типографиялық әріптерді неме-
се каллиграфиялық әріптің өзінің 2-3 түрлі формасын алсақ та
болады дейді.
ауызша тiл
инвариант
фонема
вариант
дыбыс
жазба тiл
инвариант
графема
вариант
әрiп
Достарыңызбен бөлісу: