Сол сияқты неміс тілінде фонема саны 39, әріп – 26.
Сондықтан әліпбиде жоқ, бірақ жазба тілінде пайдаланатын
β
<с>,
д
<э>,
ц
<ө>, ь <ү>
таңбалары және
sch
<ш>,
ch
<х>,
ng
<ң>,
ck
<к>
әріп тіркестері,
ch
<х>,
ei
[ай],
eu
[ой],
eh
[ей],
ig
[их],
gu
[кв],
ie
[й]
маркерлі әріп таңбалары
tsch
<ч>,
tz
<ц>,
ph
<ф>,
sh
<ж>
сияқты шеттілдік сөздерді жазатын таңбалары бар.
Сонымен, латын жазуын пайдаланатын ағылшын, фран-цуз,
неміс сияқты тілдердің жазуы әліпби құрамының үстіне
қосымша таңба алған және әріп тіркесін жасаған, жазу эко-
номиясы төмен жазба тілдер болып табылады. Мұндағы жазу
үнемсіздігі, бір жағынан, жазба дәстүрі күшті сақталған тіл бо-
луынан да шығады. Екінші, шеттілдік сөздер мен
ономастикалық атауларды таңбалау әдісіне де байланысты.
Біздің ойымызша, кең тараған жазу түрлерін қабылдаған кез
келген жазба тілде әріп саны мен фонема санында алшақтық
орын алады. Өйткені ашық әліпби жүйесі техникалық
құралдардың билігіне бағынышты келеді.
Ашық жазу жүйесінің бірі – араб әліпбиін қабылдаған парсы
жазуында (ІV-V ғ.) 32 әріп бар. Мұның 29-ы консонанттарды, 3-
і вокалдар жүйесін таңбалайды.
Парсы әліпбиі араб әліпбиінің үстіне тілдің өзіне тән 4 фо-
немасын (хойе, иә, вав, гәф) беретін әріп таңбасын енгізіп,
Достарыңызбен бөлісу: