қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері
көрсетіп отыр.
Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипа-
ты уәжсіз емес. Тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті,
оның екі бірдей түрін негізгі жетекші етіп ала алмауға тиіс:
біреуі басты, екіншісі қосалқы болуға керекті. Сондықтан тіл
үндестігінің
жазуда бейнеленіп, ерін үндестігінің
ауызша тіл
ка-тегориясы болып табылуы жөн.
Қазақ жазуы фонематикалық
екенін естен шығармаса,
сау-ат
ашу ісінде әріппен қатар оның дыбыстық мәндерін үйретсе,
Л.В.Щерба ескерткендей, балаға алғашқы бір жыл ауызша тілді,
дыбыстарды меңгертсе, сосын оның жазудағы бейнесін үйретсе,
қысқасы, қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тіл үндестігінің орны
дұрыс көрсетілсе ерін үндестігінің жоғалуы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: