Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет88/236
Дата04.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#189815
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

и
әрпі немесе 
ый,
ій
дыбыс тіркесі мен
 х 
дыбысы айтылатын сөздер шенінде.
Мысалы, 
тарихи,
рухани,
жиһаз,
жиһангер,
ислам,
иллахи,
ил-
хам, табиғи 
сөздері қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасын-да
тарыйхый,
ыйлхам,
табыйғый
деп, бірыңғай жуан немесе
тәрийхій, рүухәній, жійхәз, жійхәңгер, ійсләм, ійлләхій, ійлхәм,
тәбійғій
деп,
 
бірыңғай жіңішке айтылмайды.
 
Сондықтан бұл
сөздер 
х
дыбысының әсерінен және 
ій
-дің табиғатымен аралас
буын болып айтылады: 
тарійхій,
рұуханій,
жійхаз,
жійхаңгер,
142
143


ійслам, ійллахій, ійлхам, табійғій.
Бірақ аралас буын дегенді
дұрыс түсіну керек. Мұндағы бір буынды жуан етіп тұрған – 
а
дыбысы, шындығында
а
әріп таңбасы. әйтпесе бұл жердегі
а
таңбасы 
а
мен 
ә
дыбысының аралығындағы реңкпен (б) айты-
луы тиіс.
Төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып
көріңіздер:
табиғат – табійғат 
Ахмет – Ах
і
мет 
рахмет – 
ы
рах
і
мет 
балиғат – балійғат
Құралай Күдеринованың «Орфоэпиялық анықтағыш»
(Алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.
6-семинар. Ерін үндестігінің таңбаланбау уәждері
Семинар сұрақтары:
1. Қазақ тіліндегі үндесім заңы мен екпіннің қызметі қандай?
2. Үндесім заңының 30-80ж. түсіндірілуі мен қазіргі
түсіндірілуінің арасында қандай айырма бар?
3. Жалпы тіл білімінде үндесім заңы қалай танылады?
4. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасында ерін үндестігі нешінші
буынға дейін айтылады?
5. Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламау қай жазудан бастал-
ды?
6. Қазақ жазуында ерін үндестігін таңбаламаудың қандай себептері
бар?
Қазақ тіліндегі үндестік заңының жазуда көрініс тапқан түрі
– сөз дыбыстарының басын құрап, құрсау болып ұстап тұратын
сингармонизмнің негізгі қасиеті – негізінен тіл үндестігіне
қатысты айтылады. Бір сөз дыбыстарының үнемі жуан немесе
жіңішке болып келуі және қосымшаның түбір немесе түбірдің
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғануы қазіргі
қазақ жазуының негізін құрайды. Кирилшеге негізделген қазақ
графикасының қабылдануымен тіліміздің осы ерекшілігін толық
танытатын дауысты дыбыс әріптері жеткілікті түрде алын-ды: әр
жуан дауысты мен әр жіңішке дауысты дыбыстың әріп
таңбалары бар. Графикамыздағы бұл ерекшелік жалпы қазіргі
қазақ жазуының жетістігі болып, басқа түркі халықтарына үлгі
етілгені рас.
Проф. Ә.Жүнісбектің қазақ тілінде тіл үндестігімен қатар
ерін үндестігі де жетекші қызметте деп анықтауына байланыс-
ты ерін үндестігінің де таңбалануы керек дейтін пікірлер ай-
тылып келе жатыр (Ә.Жүнісбек, С.Мырзабеков, С.Омарбеков).
Проф. С.Мырзабеков ата-бабамыздың тілінде ерін үндестігінің
екінші, үшінші буынға дейін, тіпті сөз соңына дейін әлсіремей
бірқалыпты сақталғанына дәлел болатын мысал-дар
Н.Ильминский, В.В.Радлов, Алекторов, П.Мелиоранский т.б
зерттеушілердің еңбегінен табылатынын айтады. Мысалы,
бүгөлек, бүлдүргөн, түгөндө, үрүптөс, бұлдұрұқ, күңкүлдө,
жауұн, дауұл
және т.б.
 
Сондай-ақ
қара бұйдай
сөзін де кез-
дестіреді. Алайда автор бұларда берік жүйе жоқ, 
бөпе,
бөрі,
бөле,
өрле, өркеш, бөтен, өзен, өзек
,
 өкпе 
деген сөздерде ерін дауысты-
лар бас буыннан ары бармағынын мойындайды,
зерттеушілердің тіл үндестігіне мән беріп, ерін үндестігі кейін
пайда болған деп мәнін төмендеткенін айтады.
Сөйтіп, ерін үндестігі қосалқы қызметте қалып, Х.Досмұ-
хамбетұлының сингармонизмді тек таңдайлық әуезді заң деп
анықтауына әкеледі. Себебі “дыбыстарды жуандатып,
жіңішкертуде таңдай еңбек сіңіреді… бұрын сөзімізде еріндік
дыбыстардың үндестігі күшті болған… соңғы кезде бұл еріндік
үндесті заң өзінің айтылысынан өзгеріп, айни бастайды”.
ХХғ. басында лабиал сингармонизмнің осы сипатта
анықталуы жазу жүйесінде тек тіл үндестігінің таңбалануына
апарды. Бұл кодификацияның өзіндік уәждері жоқ емес.
Біріншіден,
қазақ орфографиясының алғашқы кезеңі
 
(ХХғ.
басы) – фонетикалық принципті басшылыққа алды (Бұл жағдай
көптеген тілдердің өтпелі дәуіріне тән). Ультрафонетик
(Қ.Жұбановтың термині) бағытта болмаса да, сөз айтылуы-на
барынша жуықтатылып жазылды. Ескі қазақ жазба тілін-де
түбірдің естілуінше, қосымшаның морфологиялық при-
нциппен жазылуы, ұлттық жазу дәстүрін жасауда түбірдің
морфологиялық, қосымшаның фонетикалық принциппен жазы-
луы төл сөздеріміздің фонематикалық принциппен
таңбалануын заңдастырды.
1929 ж. емле конференциясында ерін үндестігінің мәртебесін
анықтау қиындық тудырды. Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы ерін
144
145


үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың
қажеті жоқ деп санады.
Ал орыс миссионерлері еңбектеріндегі мысалдарда бір-де
еріндік дыбыстардың сөз соңына дейін таңбалануы, бірде
таңбаланбауы ерін үндестігінің екінші, үшінші буыннан кейін
әлсірей бастағанының фактісі деуге болады. Мысалы,
В.В.Радлов еңбектерінде көп буынды сөздердің үшінші
буынына дейін ғана ерін дауыстылары таңбаланған. Себебі,
зерттеушінің ойынша, түркі тілдерінде ерін үндестігі кеш пайда
болған, дамымаған, сондықтан ауытқу жиі.
Сөйтіп, ХХғ. басындағы төл жазуымыз – А.Байтұрсынұлы
жазуында сингармонизмнің тек лингвалды түрі ғана кодифика-
цияланды. Тіпті у дыбысының алдынан ұ, ү емес, ы, і әріптерін
жазу керек деген: “
Барып
демей, 
барұп,
келіб
демей, 
келүб
деп
жазатын болсақ, 
алұу,
барұу,
келүу
деп жазуға болады” дейді.
Осы арқылы (тіл үндестігі арқылы) А.Байтұрсынұлы қазақ
тілі сингармонизмін қырғыз тілінің еріндік сингармонизмі-нен,
татар тілінің жіңішке езулік (ә) сингармонизмінен айырып
көрсеткенге ұқсайды дейді белгілі ғалым Н.Уәлиұлы.
Сонымен, бірінші уәж жалпы қазақ жазуының ұстанымының
теориялық негіздерінен шықса, келесі уәждер тіл фактілері мен тіл
тарихынан ізделеді. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің әлсіздігін
морфемалардың кірігу процесінде тек жуан-жіңішке езулік
айналасына топталатынан да көруге болады. Бұл процес-ке
байланысты Қ.Жұбановтың мына дерегі қызық:
ыштан
сөзі
іш
және
тон
сөздерінен бірігіп жасалған;
 
сілтеу есімдігі
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет