Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ҚАНЫҚПАҒАН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ГИДРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨП



Pdf көрінісі
бет12/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ҚАНЫҚПАҒАН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ГИДРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН КӨП 
КОМПОНЕНТТІ КАТАЛИЗАТОРЛАРДЫ ЖАСАУ 
 
Манасова А. 
Ғылыми жетекші: PhD Тоштай Қ. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
manassovaaiken@gmail.com
Қанықпаған қосылыстарды гидрлеу үшін қолданылатын катализаторлардың ең 
тиімдісін таңдау және оларды дайындау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Қанықпаған 
қосылыстар өнеркәсіпте, соның ішінде пластмасса, резеңке, лактар мен бояулар
фармацевтика және басқа да өнімдер өндірісінде кеңінен қолданылады. Мен бұл жұмысымда 
поли-альфа-олефиндер (ПАО), бутадиен нитрильді каучук (БНК), бензол қатарлы 
қанықпаған қос байланысы бар қосылысқа каталитикалық гидрлеуді жүргіземін. ПАО, БНК 
көптеген өнімдерді, соның ішінде пластмассаларды, жағар майларын, медициналық 
импланттарды, шиналар, тығыздағыш сақиналар, резеңке шлангтар және т.б. өндіру үшін 
маңызды шикізаттар болып табылады. Сонымен қатар бензолды гидрлеу де химиялық 
өнеркәсіп үшін өте маңызды процесстердің бірі, себебі, оның гидрленуінен шығатын 
циклогексаннан капролактам, дәрі-дәрмек өндірісі, бояу өндірісі, резеңке бұйымдарын 
өндіру, парфюмерия өндірістерінде кеңінен қолданылады. Поли-альфа-олефиндердің, БНК-
дің құрамында қос байланыстар бар, бұл қос байланысты оның механикалық қасиеттерін
термиялық тұрақтылығын және тотығуға төзімділігін жақсарту үшін гидрлеуге ұшыратады. 
Гидрлеу нәтижесінде алынған поли-альфа алкандары, ГБНК бастапқы олефин 
полимерлерімен, каучукпен салыстырғанда өзінің химиялық құрылымның тұрақтылығы мен 
термиялық төзімділігі сияқты қасиеттеріне байланысты майлау материалдары, отын және 
май қоспалары, пластификаторлар ретінде, өте берік резина бұйымдарын жасауда 
қолданылады. Дегенмен, палладий, никель немесе платина негізіндегі металл 
катализаторлары сияқты дәстүрлі гидрлеу катализаторларының кейбір кемшіліктері бар, 
мысалы, төмен селективтілік, төмен белсенділік және қысқа қызмет ету мерзімі. Көп 
компонентті қанықпаған қосылыстарды гидрлеу катализаторлары әртүрлі металдардың 
қасиеттерінің синергетикалық эффект көрсету арқылы гидрлеу процесінің тиімділігін 
арттыру үшін жасалады. Зерттеулер көрсеткендей, көп компонентті катализаторлар 
(палладий-кикель) дәстүрлі гидрлеу катализаторларына қарағанда жоғары белсенділік пен 
селективтілікке, сондай-ақ ұзағырақ қызмет ету мерзіміне ие болуы мүмкін. Осылайша, 
қанықпаған қосылыстарды гидрогенизациялаудың көп компонентті катализаторларының 
дамуы химиялық қосылыстарды өндіруде үлкен маңызға ие және гидрлеу процестерінің 
өнімділігі мен экономикалық тиімділігінің жақсаруына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет