Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет36/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
40 
ЗИЗИФОРА 
(Z
І
Z
І
PHORA)
 ӨСІМДІГІНЕН
МАЙ СЫҒЫНДЫСЫН АЛУ ЖОЛЫН ҰСЫНУ 
 
Баянбаев Б. 
Ғылыми жетекші: PhD., доцент м.а. Кипчакбаева А.К. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
Bmbekzhan@qmail.com 
 
Май сығындысы - әдетте май болып табылатын еріткішті пайдаланып шикізаттан 
белсенді компоненттерді алу арқылы алынатын өсімдік немесе жануар тектес сығынды.
Май сығындысы пайдалы қасиеттеріне байланысты фармацевтикада кеңінен 
қолданылады. Оның құрамында организмге емдік әсер ететін флавоноидтар, каротиноидтар, 
терпендер, алкалоидтар және басқалары сияқты биологиялық белсенді заттар болуы мүмкін. 
Мысалы зизифора өсімдігінің жер үсті бөлігі дәрілік болып саналады. Медицинада ол 
гипотензивті, спазмолитикалық, диуретик ретінде қолданылады. 
Тәжік халықтық медицинасында зизифора қайнатпасы тәбетті басатын, жүрек айнуына 
қарсы және іш қатуға қарсы құрал ретінде қолданылған. Бұл өсімдіктің тұнбалары зәрді 
қатты кетіреді, бүйрек пен қуықтан тастарды тазартады.Иранның халық медицинасында 
Зизифора шөбі қызба, дизентерия, жүрек айнуы мен іш өту, жатырдың қабыну ауруларын 
емдеуде және ауыруды басатын дәрі ретінде қолданылады. 
Жұмыстың мақсаты:
 
Z
і
z
і
phora
 
өсімдігінен май сығындысын алу жолын ұсыну. 
Зерттеу жұмыстары барысында әртүрлі пайыздағы сулы-этанолмен 50%(4.3%), 
70%(8.6%), 80%(4.3%)экстрактивті заттар анықталды. 70% сулы-спиртпен экстрактивті 
заттардың мөлшері жоғары болды. Экстракция үшін 1:12 қатынасы және холестерині жоқ 
авокадо майы алынды. Температура 60°C құрады. 
Бір және екі жүйелі қағазды хроматография әдісін пайдаланып (бутанол: сірке 
қышқылы: су 40:12,5:29 және 6% сірке қышқылы), белгілі айқындағыштар көмегімен 
сапалық сараптау жүргізілді. Сандық сараптау нәтижесінде зизифора өсімдігінің құрамында 
органикалық қышқылдар, флавоноидтар, полисахарид, алкалоид, сапонин, кумариндер, тері 
илегіш заттар бар екені анықталды. 
Жүргізілген сандық талдаулар бойынша шикізат ылғалдылығы – 7.09%, күлділігі – 
1,02%, бос органикалық қышқылдар – 7.2%, тері илегіш заттар – 6.0%, сапониндер -1.53% , 
флавоноидтар – 1.6%, алкалоидтар-0.05%, кумариндер- 0.022%, полисахарид- 0.17% бар 
екені анықталды. Атомдық-адсорбциялық спектроскопия әдісімен макро және 
микроэлементтер анықталды. Олардың ішінде Zn-1.9245мкг/мл, Fe-9.0241 мкг/мл, Ca-
115.910 мкг/мл, Mg-24.1975 мкг/мл, K-212.070 мкг/мл, Na-12.570 мкг/мл құрады. 
Қазіргі таңда зизифора дәрілік өсімдігі бойынша зерттеу жұмыстары жалғасын табуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет