Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет34/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
38 
КҮРЕҢ ШӨП 
(EPILOBIUM) 
ӨСІМДІГІНІҢ ҚҰРҒАҚ ЭКСТРАКТІСІНЕН ТАБЛЕТКА 
АЛУ ЖОЛЫН ҰСЫНУ 
 
Багитжан Д.М. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор Бурашева Г.Ш. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
университеті
 
 
Күрең шөп-күреңот тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік.
Халықтық медицинада күрең шөпті тамақ, асқазан, ішек, бүйрек, қуық асты безі және қуық 
ауруларын емдеу үшін қабынуға қарсы агент ретінде пайдаланады. Шөптің қайнатпасы бас 
ауруына, ұйқысыздыққа, қан аздыққа, ішкі қан кетуге ем ретінде қарастырылады. Сонымен 
қатар, күрең шөп жүйке жүйесін тыныштандырады, агрессивтілік пен стрессті азайтуға 
көмектеседі. 
Зерттеу нысаны: Алматы облысы, Талғар тауларынан 2022 жылы шілде айының 
соңында жиналған күрең шөп.
Зерттеу нәтижелері: Өсімдік шикізатының сапалылығын анықтау үшін ҚР МФ I - 
басылымындағы әдістеме бойынша келесі көрсеткіштер анықталды: шикізаттың 
ылғалдылығы, күлділігі, экстрактивті заттар. Күрең шөптің ылғалдылығы – 8,73%; күлділігі 
– 9,05%; экстрактивті заттар 50% этанолда – 31,99%, 70% этанолда –28,86 %. Күрең шөптің 
құрамындағы органикалық қышқылдар 5,34 %-ды құрады. Ал, тері илегіш заттардың 
мөлшері - 9,11%-ды құраса, кверцетин негізіндегі флавоноидтар 1,58 % болды. Күрең шөптің 
көмірсулар мөлшері - 2,12 %, ал кумариндер 0,41%-ды құрады. 
Сонымен қатар күрең шөп құрамында минералды заттар бар. Олардың ішіндегі 
минералды заттар мөлшері: натрий- 31,8825 мкг/мл, калий – 2212,7250 мкг/мл, кальций - 
499,350 мкг/мл, магний – 1100,40 мкг/мл, темір –15,1856 мкг/мл, мыс- 1,1250 мкг/мл, мырыш 
– 5,0123 мкг/мл, марганец –7,8978 мкг/мл, никель – 0,3866 мкг/мл, қорғасын – 0,3267 мкг/мл, 
кадмий – 0,0394 мкг/мл. Экстрактивті заттарды анықтау кезінде 50% сулы этил спирті 
еріткіш есебінде қолданылды. Өйткені күрең шөптің құрамындағы суда еритін көмірсу, 
аминқышқылдары көбірек экстракцияланды. Сол себепті 50%- дық сулы-спиртті ерітіндімен 
сапалық, сандық сараптаулар жүргізілді.
Зерттеу барысында 50%-ды сулы-спиртті ерітіндімен шикізат:экстрагент - 1:10, 1:8 
және 1:7 қатынастарда, 3 тәуліктен (72 сағат), 3 рет экстракция жүргізілді. Экстракция 
нәтижесінде жалпы көлемі 2255 мл экстракт алынып, 8-10 сағатта 50-55°С-та 320 мл-ге дейін 
роторда қоюланды. Осы қою экстракттың концентрациясы 21,7 % екендігі анықталды.
Қою концентраттың тұтқырлығы жоғары, біз оны кептіруге қалдырдық, себебі одан 
таблетка алу керек. Таблетка алу үшін қазіргі кезде қосымша байланыстырғыш және 
пішіндеу агенттерді қарастырудамыз. Сонымен қатар, қою концентраттарды сироптарға, 
қоспаларға немесе эликсирлерге дәмдеуіштер ретінде қосуға болады. Қою концентрат 
бірқатар дәрілік формалар (тұнбалар, таблеткалар) үшін аралық өнім ретінде қолданылады.
Зерттеу жұмыстары жалғасуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет