Әкесі
құшағын жая береді.
Бала да
кішкентай қолдарымен
әкесінің
мойнынан құшақтай
алады
(М.
Мағауин).
222
–
Халима, айналайын, –
Жанай оны
иығынан қапсыра құшақ
-
тады.
–
Мен сені өмірбақи сыйлап өтетін болам... (С. Мұртабеков).
–
Пошымыңнан
-
ау сенің! Қой жылама. Құрысын... Қатыны
құрсын! Жаныңнан садаға! –
деп, Торқа кемпір
баласының басын
құшақтап жылады
(С. Елубаев).
Бет сипау.
Тіл тек қарым
-
қатынас құралы ғана емес, адамның
наным
-
сенімінен, дүниетанымынан хабар беретін де құрал. Бұл көп
жағдайда тілдік емес амал
-
тәсілдермен ұштасып жатады. Бата берілген
кезде құдайдан қол жайып сұрайды да, осы айтқанымыз, ізгі ниетіміз
орындалсын деген ниетпен бет сипасады.
Бетінен иіскеу.
Жақсы көру, сүйсіну, сағынышын баса алмау,
қамқор екенін білдіру мағыналарын береді. Мысалы,
Ат үстінен
еңкейіп ең кішкентай қызын алдына көтеріп алып,
бетінен иіскеді.
Қолына әлдене ұстатты. Кәмпит
-
сәмпит болуы керек
(С. Елубаев).
Жүрегін алақанымен басу.
Сый
-
құрмет көрсету, қиналу, қорқу
белгісі.
Көзін төмен салу.
Коммуниканттың ішкі сезімінен, атап айтқанда,
ұялу, қысылу, толқу, мұңаю т.б. білдіретін бейвербалды амалдың бір
түрі. Бұл форма тілдік қарым
-
қатынастың кез келген кезеңінде, түрлі
жағдаятқа байланысты қолданысқа түсе береді. Функционалдық
-
семантикалық өрісі өте кең.
Көзін төңкере қарау.
Тілдік қарым
-
қатынас кезінде сұхбаттасу
-
шының бірінің еркелеу, жақсы
көру, жақсы көріну мағынасын
білдіретін бейвербалды әрекеттің бір түрі.
Арқадан қағу.
Мақұлдау, қоштау, қолдау, еркелетуді білдіру үшін
қолданылатын амалдардың бірі.
Еркелету мағынасында
–
Оңаша бетпе
-
бет кездесе қалса, бұны
бойжеткен деп елемеген ескі қалпымен: «Ие, тентек қыз! Тойыңда
қашан шапан киеміз?» деп сұлу аппақ тістері ақсия күліп,
арқасынан
қағады
(С. Елубаев).
Қолдау мағынасында –
Ат жақты, сылыңғыр ұзын қара Асан
бәлшебек күліп
арқасынан қақты.
«Жарайсың!» деп. Сонда ғана
жүрегі орнына түсті байғұс Қауқаштың (С. Елубаев).
Жиі қолданылатын паралингвистикалық амалдардың бір тобы
сәлемдесу рәсімі кезіндегі түрлі эмоцияны білдіретін қимыл
-
қарекет
-
тер. Сәлемдесу рәсімі сөйлемде
сәлемдесу
және оған синонимдес
амандасу
сөздері арқылы беріледі. Екі тілдік бірліктің беретін
мағынасы бір.
Сәлем сөзінің екі мағынасы бар, біріншісі –
жеке адамға немесе
адамдар тобына білдірілген ниет, тілек, есен
-
саулық жайлы достық
лебіз, екіншісі –
біреуге айт деп тапсырылған ауызша хабар. Тілімізде
223
сәлем сөзіне қатысты
дұғай сәлем, сәлем айтты, сәлем берді,
сәлем
етті, сәлем салды, сәлем хат, сәлемі түзу
фразалары қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |