Бұл фразалар:
а) адамның жағымды эмоцияны білдірудегі қимыл
-
қозғалысын тіл
арқылы жеткізу
(сәлем берді); ә)
екі жақтың бір
-
біріне деген жағымды // жағымсыз эмоциясын
үшінші бір адам // адамдар арқылы алыстан тіл арқылы, яғни, белгілі
бір мағынаны білдіретін сөздер тізбегі арқылы білдіргендігін сипаттау
(сәлем айтты); б)
ішінде белгілі бір ақпаратпен бірге міндетті түрде
жағымды //
жағымсыз эмоцияның түрлері жеткізілетін жазбаны білдіру
(сәлем хат); в)
белгілі бір ақпарат, жағымды // жағымсыз эмоцияның түрлері
айтылған ой
-
пікірді атау
(дұғай сәлем); г)
адамның айтушы жаққа (І жақ), тыңдаушы
(ІІ жақ) немесе бөгде
жаққа (ІІІ жақ) көңілінің, ниетінің жақсы, жағымды екендігін сипаттау
(сәлемі түзу) үшін қолданылады.
Сәлемі түзу тіркесі адамдардың
арасындағы қарым
-
қатынастың жағымды реңкі мағынасын береді
ғ) адамның жағымды эмоцияны білдірудегі қимыл
-
қозғалысы
(сәлем етті, сәлем салды) .
Паралингвистикалық амалдардың ішінде көп ақпарат беретін
құралдардың біріне адамның қолын жатқызуға болады. Зерттеушілер
-
дің пікірінше адамның ең көп «сөйлейтін» мүшелерінің бірі –
қол. А.П.
Садохин: «Жестикуляция включает в себя все жесты рук, «язык рук», а
также многие другие действия: например, собеседник открывает
двери, вынимает сигареты и.т.д. Аналоговые сигналы жестикуляции
(или «язык рук») в значительной мере дополняют словесную инфор
-
мацию. Это становится особенно важным, когда мы не можем разгля
-
деть лица говорящего (например, если он отвернулся или находится
далеко от нас) или если плохое освещение затрудняет понимание
мимики. Мы уже говорили о том, как бесконечно трудно контро
-
лировать собственную мимику. Однако почти также сложно «обманы
-
вать» с помощью рук. Если некто в состоянии внутреннего возбуж
-
дения пытается выглядеть спокойно, руки его обязательно выдадут»
,
–
деп жазады [
125, 117].
Енді қол арқылы жасалатын паралингвис
-
тикалық амалдардың әрқайсысына тоқталып көрейік.
Амандасу кезінде дене мүшелерінің ішінде қол қимылы жиі
қолданылады. Осыған орай қазақ тілінде
қол алу, қол беру, қол алысу, қол қысу, қол қусыру сияқты тұрақты тіркестер қалыптасқан.
Аман
-
дасуға қатысты паралингвистикалық амалдарды қай жерде қалай
қолдану адамдардың әдеп
-
тәрбиесінен, мәдениетінен, тіпті білімі мен
224
мінезінен, сол сәттегі көңіл
-
күйі мен екінші жаққа деген эмоциясынан
да хабар бере алады.