49
Құмарлық эмоциясының қазақ тіліндегі лексика
-
семантикалық
өрісін
қызығу, әуестену, көксеу, ынтығу, ынтызар болу, арман ету,
ықыласы ауу, асық болу, көңілі кету
етістіктері арқылы анықтауға
болады.
Күрделі эмоциялардың бірінен саналатын аффект –
кісіні аз уақыт
ішінде болса да кенеттен булықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын
эмоциялық күй. Аффектілер айқай, лепірме сөз, боқтық сөз, дөрекі
қимыл
-
қозғалыстар т.б. түрінде шапшаң сыртқа шығады. Мысалы,
Шашы бұрқырап есікке ұмтыла берген шынашақтай кемпірдің
алдын кес
-
кестеді. Кемпірі одан жаман екіленді. Қолын шолтаң
еткізіп:
–
Адыра қал! Кет жолымнан, ойбай! –
деп жұлқынып, баласын
сүйрелеп үйден айқайды басып тысқа шықты. Тура Әзбергеннің үйіне
тартты, бүкіл ауылды дүрліктіріп
(С. Елубаев).
Қазақ тілінде мұндай аффектілік жағдай
аузынан ақ ит кіріп, көк
ит шықты;
шашын жұлып қолына берді; ит терісін басына қаптады,
жонынан таспа тілді; басын жарып, көзін шығарды; талағы тарс
айырылды
Достарыңызбен бөлісу: