Қазақ тіліндегі эмоционалды


Эмоционалдылықтың лингвистикалық еңбектерде берілуі



Pdf көрінісі
бет8/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

1.2
Эмоционалдылықтың лингвистикалық еңбектерде берілуі 
 
Экспрессивтіліктің жалпы міндеті айтылған жайға субъективті 
қатынасты көрсету немесе айқындау. Сөйлеуші немесе жазушы тара
-
пынан бұл –
баяндаудың күшейтілуі, даралануы, айтылуға ерекше 
мән берілуі, сезімді, эмоцияны, көңіл
-
күйді білдіруде тілдік стандарт
-
тардан, нормалардан бас тарту, баяндаудың күшті эмоциямен берілуі, 
образдылықтың және эстетикалық эффекттің жасалуы. Ал оқушы 
немесе тыңдаушы тарапынан бұл –
назар аударуды күшейту және 
баяулату, рефлексияның күшейтілуі, эмоция мен сезімдердің пайда 
болуы.
Қазіргі тіл білімінде 
эмоционалдылық және экспрессивтілік
ұғым
-
дары тілдің көркемдеуші құралдары деген мәселеден келіп туындайды.
Орыс тіл білімінде де эмоциональность, экспрессивность деген мәселе
-
лер 
«выразительные средства»,
«изобразительно
-
выразительные 
средства»
деген мәселенің ішінде қарастырылады. Л.В. Цыбина эмо
-
цияны білдірудің лексика
-
грамматикалық құралдары туралы жазған 
еңбегінде: «К вербальным способам выражения эмоций относятся 
лексические способы, морфологические, грамматические, стилисти
-


13 
ческие, синтаксические, 
изобразительно
-
выразительные средства,
речевые интонации», –
деп жазады [10, 37].
Орыс тіл білімінде 
выразительность
деп қарастырылып жүрген 
ұғым А. Байтұрсынұлы еңбегінде 
тіл көрнектілігі
деп беріледі. А. 
Байтұрсынұлы «Сөз талғау» атты еңбегінде: «шығарма сөзі өңді, 
ұнамды болу туралы талғаудың қоятын шарттары мынау», –
деп бес 
түрлі шартты атап көрсетеді. Олар: 
1. Сөз дұрыстығы.
2. Тіл тазалығы.
3. Тіл (лұғат) анықтығы.
4. Тіл дәлдігі.
5. Тіл көрнектілігі 
[
2, 150].
А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі сөз дұрыстығына қойылған талаптар:
«1. 
Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, 
жалғаулық сияқты нәрселерді біліп әрқайсысын өз орнына тұтыну. 2. 
Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыралас
-
тыру. 3. Сөйлемдерді бір
-
біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмалас
-
тырып, дұрыс орындастыру» [2, 150]. 
Шығарманың сөзі өңді, ұнамды болуы үшін қойылатын талаптың 
екіншісі –
тіл тазалығы. «Тіл тазалығы дейтініміз –
ана тілдің сөзін 
басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, 
жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті 
сөздерді
алу» [2, 154]. Тіл (лұғат) анықтығы туралы А. Байтұрсынұлы: 
«Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктен
-
дірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық 
мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу 
керек. Адам анық танитын нәрсесін анық атайды да, көмескі танитын 
нәрсесін көмескі, күңгірт атайды. Сондықтан біреудің айтқан сөзін 
анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, 
ұйғарып қана қоямыз», –
деп жазады.
 
«Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға 
сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келуі үшін сөздің 
мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе 
амәндес сөздер. Амәндес сөздер деп мағынасы жақын сөздер айты
-
лады. Мәселен, батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген 
сияқты сөздер» [2, 153]. Бұл жерде А. Байтұрсынұлы
амәндес сөздер
деп қазіргі қазақ тілінде 
синоним сөздер
деп қолданылып жүрген 
терминді айтып отырғандығын пайымдауға болады. А. Байтұрсынұлы
батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік
сияқты сөздерді 
мысалға келтіре отырып: «Мұның бәрі жүректілікті көрсеткенмен 
әрқайсысының өз алдына өңі бар. Өңін танымай яки аңғармай бірін 


14 
бірінің орнына айтса лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді», –
деп жазады 
[2, 153]. 
Тіл көрнектілігі туралы А. Байтұрсынұлы:
«Сөздің дұрыс, таза, 
анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек 
қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз 
заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам 
сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі 
затша, бернесіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты 
жанды заттай ғамалдайды. ... Осы сиқты өң берілген сөздер, көрнекі 
тіл делінеді», –
деп жазады [2, 154].
А. Байтұрсынұлы тіл көрнекі болуы үшін түрлі әдістердің
қолданылатындығын айта келе, ол әдістерді негізгі түріне қарай үш 
тапқа бөледі: 1.
Көріктеу. 2.
Меңзеу. 3. Әсерлеу. 
А. Байтұрсынұлы 
атап көрсеткен үш таптың ішінен 
әсерлеуге 
арнайы тоқталмақпыз. 
Себебі 
әсерлеу 
біздің пайымдауымызша қазіргі тіл біліміндегі 
эмоцио
-
налдылық
-
экспрессивтілік
термині. 
Экспрессивтілік термині латын тілінен аударғанда 
«айқындылық»
мағынасын беретін 
expressio 
сөзінен қалыптасқан. Экспрессивтілік 
термині қазіргі тіл білімінде сөйлеушінің сөз мазмұнына немесе 
адресатқа субъективті көзқарасын беруді қамтамасыз ететін белгілі бір 
тілдік бірліктердің жиынтық қасиеті мағынасында қолданылады. 
Сонымен қатар, осындай тілдік бірліктер негізінде қалыптасқан 
сөйлеудің немесе мәтін қасиеттерінің жиынтығы деген мағына да 
береді. Экспрессивтіліктің пайда болуына эмоция мен сезімді білдіруге 
және оларды қабылдауға байланысты психологиялық заңдылықтар 
негіз болды. 
Қазақ тілі лексикологиясында мәнерлеу «экспрессивтілік» және 
«эмоционалдылық» түсініктерінің байланыстары арқылы түсіндіріледі,
А. Болғанбаевтың пікірінше, оның кейбір жағдайларда шектелуі, 
қандай да бір қиындықтар туғызады [11, 178]. Ж.А. Нюсупова орыс 
және қазақ тілдеріндегі мәнерлегіш құралдар турасында
жазған 
мақаласында орыс тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі
экспресивті лексиканың берілуінің бірнеше түрін бөліп көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет