16
қолданылу процесінде жүре келе экспрессивті бояу алатын сөздер.
Еңбек авторлары басқа сөздерге қарағанда еліктеуіш негіздерден
жасалған етістіктердің, фразеологиялық тіркестердің экспрессивті
бояуы басым болатындығын атап өтеді. Сондай
-
ақ, мұндай қасиеттің
жеке сөздерге ғана емес, сөз тіркестеріне де, сөз формаларына да,
синтаксистік конструкцияларға да тән сипат екендігі айтылады [15].
І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев авторлығымен шыққан «Қазіргі қазақ
тілі» еңбегінде авторлар: «Қазіргі қазақ тілінде, басқа тілдердегі
сияқты, сөйлеушінің бір затқа не құбылысқа эмоциялық көзқарасын
білдіретін бір топ сөздері бар. Бұл категориядағы сөздерді тіл ғылы
-
мында эмоционалды лексика немесе эмоциялық мәні бар сөздер дейді.
...Сөйлеуші
орман, көл, үй, бес, ол
тағы басқа сөздерді айтқанда бұл
заттардың атауында ешқандай эмоционалдық мән болмайды. Ал
кейбір сөздерде, құбылыстардың атауларында жақсы немесе жаман
қатынасты, психологиялық күйді көрсететін реңктер болады. Мысалы,
айналайын, оңбаған
дегендер тек белгілі бір тиянақталған сөйлеушінің
ой
-
күйін білдіреді. Эмоциялық лексика белгілі бір затқа құбылысқа,
қауымның бағасын аңғартады»,
–
деп жазады [14, 178].
Аталған категориядағы сөздерді екі топқа бөледі:
Бірінші топ: эмоционалды бояуы бар сөздер іштей бірнеше топқа
бөлінеді: а) Әсері күшті эмоцияны беретін сөздер (
масқара, сұмдық,
сұм, қайғы, қуаныш, қорқыныш, жауыздық, жыртқыштық, нәзіктік,
ақ көңілдік
т.б.). Бұл топтағы сөздер өздігінен эспрессивтік қасиетті
бере алады. ә) Кейбір сөздер затқа немесе құбылысқа қоғамдық қарым
-
қатынас негізінде эмоционалды
-
экспрессивті бояу беруге қабілетті
болады (
ұрлық, жауыздық, залым
т.б.). Бұл сөздер өзінің табиғатынан
жағымсыз мағынадағы эмоциялық реңкті береді.
б) сөйлеушінің негізі
-
нде құбылысқа баға беретін сөздер (
әдемі, жақсы, көңілді, тамаша,
қатты
т.б.). в) Шарттылықпен қолданылатын сөздер. Мысалы,
пысық
сөзі ертеректе ешқандай эмоциялық бояусыз қолданылған.
Екінші топ: грамматикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер: а)
-
қан,
-
қай
кішірейткіш
-
еркелеткіш суффикстерді қолдану арқылы затқа
немесе құбылысқа қоғамдық баға беру арқылы жасалған сөздер; ә)
сөздердің кішірейткіш
-
еркелеткіш реңкті
-
тай
жұрнағы арқылы жасал
-
ған сөздер; б)
-
еке,
-
й,
-
ша,
-
ше
Достарыңызбен бөлісу: