Орындағандар: Тусупова Жансая, Қанафиян Аяужан, Мұхаметқали Қызғалдақ, Өмірбекова



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата08.11.2023
өлшемі3,96 Mb.
#190266
  1   2
Байланысты:
Философия



Орындағандар: Тусупова Жансая, Қанафиян
Аяужан, Мұхаметқали Қызғалдақ, Өмірбекова
Аяулым, Сәбитова Арна.
НЕГІЗГІ ЭТИКАЛЫҚ
КАТЕГОРИЯЛАР


Кіріспе.
Негізгі бөлім:
Этиканың негізгі категориялары
Этикалық категориялардың өзіне тән
ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР:


 Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар категориялар
бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, əдістермен біріге отырып,
кез келген ғылымның мазмұнының негізін құрайды. «Категория» сөзінің
өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын
көрсететін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады.
Көптеген философиялық-теориялық пəндермен салыстырғанда
этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын
сөздерден тұрады. Этикалық категориялардың барлығы табиғат
құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам əлемімен байланысты
ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, яғни
жақсылық пен жамандықтың арасын ажырата білетін ерік-жігері бар жан
иесіне ғана тиесілі


ЭТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ
КАТЕГОРИЯЛАРЫ 


ДОСТЫҚ
Достық - адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан,
шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады. Достық қарым-
қатынас дегеніміз - жеке адамдардың бірін-бірі жақсы көруіне
жəне ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уақыт жəне жан-жақты, тату-
тəтті араласуына негізделген аса тығыз
қарым-қатынас, үлкен сезім.


 Махаббат - достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы.
Онсыз өмірдің мəні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай: «Махаббатсыз дүние - бос»
деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам
дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан
кейін дос-жаран, жора-жолдастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте
сүйіктісінің, жарының махаббатымен
қауышады. Барлық ұлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш - махаббат.
Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір
идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нəзік түрі.
Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам жанының махаббаты,
белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа деген түрлері көп.
Махаббатта сезім мен ақыл ұштасып, адам парасатты табиғи күш ретінде
көрінеді. 
МАХАББАТ


Абырой - адамның өз іс-əрекеттерінің тиесілі адамгершілік
мұраттарына сəйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік.
Ар мен намыс арқылы адамның өз қылықтарына тиесілі парыз,
міндетті бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары
мен намысы да өзіндік, ешкімге тəуелсіз дүние.
Парыз - адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған
талаптарды орындау кажеттілігі. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі
сияқты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол
бермеу сияқты əрекеттерден құралады.
Әділеттік - ізгіліктің нақтыланған өзіндік түрі. Ол адамды
қоғамның елеуі, марапаттауы түрінде көрінеді. Әділеттік - тарихи
қалыптасқан ұғым.
АБЫРОЙ


БАҚЫТ
·бақыт дегеніміз - жолы болып, «жұлдызы жанғандық»;
·бақыт - қуаныш, лəззат жəне жан қызығы;
·бақыт дегеніміз - ең жоғары ізгілікке қол жеткізу;
·бақыт - өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған «төрт құбылаң
түгелдік»
күйі.
Бақыт - этиканың іргелі категориясы. Бақытқа арналған
шығармалар қаншама көп
болса, бақытты түсіндіру де соншалық əртүрлі. Біреулер бақыт
дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан
мақсат деп біледі. Ғылымда бақытқа мынадай төрт түсініктеме
беріледі:
Құндылықтар тұрғысынан алғанда, бақыт деп - адам өміріндегі
мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік пен мейірім ғана
адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады.


Біріншіден, олар адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың
жақсылық пен жамандық, борыш, абырой, əділдік туралы
көзқарастарына сəйкес бip- бipiнe, қоғамға, мемлекетке, отбасына,
ұжымға деген қатынасымен байланысты əрекеттерін көрсетеді.
Алайда, мұндай жағдайларда олар əрқашан таза күйде көрініс
таппауы да мүмкін, ceбeбi, кейбір кездерде олар басқа
ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол
категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық
сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен
жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға
болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс
табуы мүмкін.
ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ӨЗІНЕ ҒАНА
Т
Ə
Н БІРҚАТАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ДЕ БАР:


Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-
қатынастарын реттеу құралы болып табылады, қоғамның
адамгершілік талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар,
нормалар, талаптар, ережелер этика категорияларының беделі
мен маңыздылығына, қоғамдық көзқарастың немесе жеке
тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден, этика категорияларында басқа ғылымдардың
категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық
қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс табады.
ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ӨЗІНЕ ҒАНА
Т
Ə
Н БІРҚАТАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ДЕ БАР:


ҚОРЫТЫНДЫ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет