211
аҚмола облысынДағы пестРое кӨлінің ҚазіРгі ЖағДай
Баринова Г.К., б.ғ.к., аға оқытушы
Асылбекова А.С., а.ш.ғ.к., қауым.профессор м.а.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Нұр-Сұлтан қ.
Ақмола облысы шеңберінде гидрологиялық, гидрохимиялық көрсеткіштерімен
шөп
басу деңгейімен, азықтық қорымен, ихтиофауна құрамымен ерекшеленетін
балықшаруашылықтық суаттар баршылық. Айырмашылықтарына қарамастан олардың
басым көпшілігі балық және омыртқасыздар мекендеуіне әбден қолайлы [1].
Қазіргі уақытта Ақмола облысында балық саласының жағдайы шағын су қоймаларында
балық ресурстарын біркелкісіз пайдалануымен сипатталады. Шектен тыс аулаумен қатар
кейбір су қоймаларында балық қоры жеткіліксіз
деңгейде игерілуі байқалады, ол өз
кезегінде балық өнімділігінің биологиялық сапасына кері әсерін тигізеді.
Шағын су қоймаларын зерттеу және ондағы балық ресурстарының және басқа да су
жануарларының жағдайын бағалау балық қорын оңтайлы деңгейде сақтап қалу сонымен
қатар шағын су қоймаларының биотүрлілікті сақтауда өте маңызды. Осы су қоймаларында
балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жағдайын бағалау жөніндегі
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу оларды шаруашылық айналымына енгізу үдерісін
жеделдетуге болады. Жергілікті маңызы бар су қоймаларында балық және басқа да су
жануарларын аулауды арттыруға мүмкіндік береді, яғни
тиісінше халықты балықпен
қамтамасыз етуді барынша арттырады деген сөз.
Экологиялық жағдайын бағалағаннан кейін, зерттелген су қоймалары түрлі санаттарға
жатқызылады: балықшаруашылықтық, спорттық-әуесқой балық аулауға, тауарлы балық
өсіруге немесе басқа да шаруашылықтық мақсаттарға бейімді, балық шаруашылылығын
жүргізуге болашағы жоқ [2, 3].
Ақмола облысы Пестрое көлінің су айдындарының жағдайы, яғни зооплантондық пен
зообентостық ағзалардың токсономиялық құрамы мен сандық динамикасы анықталады,
сонымен қатар көлдің ихтиофаунасының түрлік құрамы мен олардың биологиялық си-
паттамасы зерттеледі.
Пестрое көлінен материалдарды жинақтау және зерттеу 2019 жылы мамыр айынан
бастап тамыз айына дейін жүргізілді. Әр суатта зоопланктон мен зообентостың 3 сына-
масы алынып отырылды және ағзалардың сандық дамуының орта мөлшері келтірілді
[4, 5]. Ихтиофаунаны зерттеу үшін, 20-дан 70 мм -ге дейінгі торлы аулар қолданылды.
Материалды өңдеу далалық, сонымен қатар зертханалық жағдайда жүзеге асырылды.
Балықтарға морфобиологиялық талдау дәстүрлі әдіспен жүргізілді [6].
Пестрое көліндегі зоопланктонның құрамында 5
таксон анықталды, оның ішінде,
1 түрі-зымырақтар (Keratella quadrata (O.F. Muller), 2 - бұтақмұртты шаянтәрізділер
(Daphnia pulex (Leydig), Bosmina longilostris (O.F. Muller) 2 – ескекаяқты шаянтәрізділер
(Mesocyclops leuckarti (Claus), Diaptomidae castor Jurine).
Зымырақтардың ішінен K. guadratа түрі
кең тараған, ол бүкіл суаттарда кездесті.
Бұтақмұрттылардың ішінен D. pulex түрі кең тараған түрге жатқызылады, ол да бүкіл
суаттарда тіркелді. Ескекаяқты шаянтәрізділердің ішінен M. leuckarti түрі көп тараған
(1- кесте).
1 - кесте – Зоопланктонның негізгі топтарының саны (С., мың экз./м3) және биомас-
сасы (Б., г/м3)
Негізгі топтары
Саны, тыс. экз/м3
Биомассасы, г/м3
Rotifera
8,1
0,01
212
Cladocera
15,4
0,65
Copepoda
21,4
0,86
Барлығы
44,9
1,52
Зоопланктонның жалпы саны 44,9 мың дана./м3. Саны бойынша ескекяқты
шаянтәрізділер
басым болды, олардың үлесі 47,6 %. Зоопланктон ағзаларының био-
массасы 1,52 г/м3 болды. Планктонды топтану биомассасын қалыптастыруда басты рөл
атқаратындар ескеаяқты шаянтәрізділер.
Зообентос. Зерттелген суаттар бентофаунасы насекомдардың дернәсілдерімен
(Insecta), шаянтәрізділермен (Crustacea), азқылқанды құрттармен (Oligohchaeta),
сүліктермен (Hirudinea) және құрсақаяқты ұлулармен (Gastropoda mollusca) келтірілген.
Бентос қауымдастығының ең жиі кездесетін өкілдері Gammarus lacustris (Sars) және
C.plumosus болды. 2-кестеде Пестрое көліндегі зообентос
организмдерінің негізгі
топтарының саны мен биомассасы көрсетілген.
Кесте 2 - Зообентос организмдерінің негізгі топтарының саны және биомассасы
Негізгі топтар
Саны, дана/м2
Биомассасы, мг/м2
Crustacea
60
0,98
Gastropoda
23
0,18
Insecta
420
1,02
Барлығы
503
2,18
Зообентос биомассасы 2,18 г /м2, жалпы саны 503 дана /м2 құрады. Зообентос
құрамында саны мен биомассасы бойынша Insecta тобы басым болды, сәйкесінше орта-
ша 83,4% құрады.
Пестрое көлі-жазық дала су айдыны, Шортанды ауданында орналасқан. Ихтиофауна
балықтың 3 түріменкелтірілген: кәдімгі мөңке (Carassius carassius), күміс мөңке (Carassius
gibelio) және оңғақ (Tinca tinca). Пестрое көлінде ең кең тараған күміс мөңке (105 дана), аз
кездескен кәдімгі мөңке 8 дана және оңғақ ауға тек екі дана түсті. Пестрое көлінде күміс
мөңкенің 5 жастық тобы кездесті, 2+ ден 5+ жасқа дейін, дене ұзындығы 11-17 см және
орташа салмағы 50-164 г аралығында кездесті. Кәдімгі мөңке 3+ және 4+ жастағы ғана
кездесті, ұзындығы 12-15 см, орташа салмағы 48,5-95 г аралығында болғаны анықталды.
Пестрое көлінде зоопланктон мен зообентосты организмдерінің негізгі топтарының
саны мен биомассасы анықталды. Зоопланктонның дамуы бойынша қалыпты азықтық
кластағы α - мезотрофты типтіге жатады. Зообентос құрамында саны мен биомассасы
бойынша Insecta тобы басым болды 83,4% құрайтыны анықталды.
Пестрое көлінің ихтиофаунасы 3 түрді құрады - күміс мөңке,
кәдімгі мөңке және
оңғақ. Ең кең тараған түр күміс мөңке, максимальді өмір сүру ұзақтығы 5+ жас.
Достарыңызбен бөлісу: