УДК: 612.396.32:616 - 053.2/6:340.624.41 БАЛАЛАР МЕН ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДА МЕТАБОЛИТТІК СИНДРОМНЫҢ ДАМУ ҚАУПІН ЗЕРТТЕУ Хошут Ж., Құмаров Ә., Қонысбек А., Мукушова С., Қыдырмолдаева К.К., Смаилова Ж.К. «Семей медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы Өзектілігі. Көптеген жылдар бойы, абдоминальды семіру, дислипидемия,
глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы және артериалды қысымның жоғарылауы
тәрізді симптомдар қауіп факторы болып табылатын метаболиттік синдром тек
ересектерге ғана тән деп есептеліп келді
және балалар мен жеткіншектердегі
метаболиттік синдром туралы бірыңғай көзқарас болмады. Алайда, бүгінгі күні
метаболиттік синдром балаларда да, жеткіншектерде де кеңінен тарала бастағаны
туралы мәліметтер ғылыми әдебиетте көптеп кездеседі. Соңғы кездердегі жүргізіліп
жатқан зерттеулер абдоминальды семірудің метаболиттік синдромның қауіп
факторларының басты көрсеткіштерінің бірі екенін көрсетіп отыр. Ересектердің
60
%
-
да кездесетін семіру көріністері бала жастан бастап, жас ұлғайған сайын дами
келе, ауыр патологиялық жағдайларға алып келеді. Бала жастағы семіру физикалық
және психикалық денсаулық үшін қолайсыз жағдай тудырады және жүрек
-
қан
тамырлары ауруының, қантты диабеттің, ортопедиялық аурулардың, психикалық
бұзылыстар дамуының қауіп
-
қатер факторы болып
табылады. Сондықтан да
метаболиттік синдром дамуының қауіп факторларын анықтау және оның алдын алу
шараларын жасау
-
медицинадағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жұмыс мақсаты. Балаларда және жеткіншектерде метаболиттік синдромның
қауіп
-
қатер факторларының даму ерекшеліктерін және алдын
-
алу әдістемелерін
зерттеу.