Внутривузовская студенческая


Зерттеу материалдары мен әдістері



Pdf көрінісі
бет108/111
Дата10.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#190841
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Байланысты:
sbornik-26.02.2020

Зерттеу материалдары мен әдістері.
Жоспарланған ғылыми жоба аясында 
балалар және жеткіншектер арасында метаболиттік
синдромның қалыптасуының
ерекшеліктерін және түзету әдістерін зерттеу бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу
жасау.
Зерттеу нәтижелері.
Ғылыми
әдебиттердегі мәліметтер көрсеткендей, соңғы 
жылдарда әлемнің көптеген елдерінде метаболиттік синдромның дамуы 
жоғарылауға тенденция алып келеді. Оның басты себептерінің бірі ретінде ғалымдар 
семіру және жүріс
-
тұрысы аз өмір салты
жиілігінің жоғарылауын қарастырады.
Әсіресе балалар мен жеткіншектер арасында семіру 
– 
метаболиттік синдромның 
дамуына әкелетін атерогенді дислипидемиямен байланысты аурулардың даму 
қатерінің жоғарылауына әкеледі. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, экологиялық 
қолайсыз аумақ тұрғындарында және семіруге, қантты диабетке тұқым 


86 
қуалаушылық
бейімділік болған жағдайда артық дене салмағы мен семіру 
көріністері бар балалардың саны жоғары болады. Мұндай балаларда метаболиттік 
синдромның өзгерістері, атап айтқанда, дислипидемия, гипергликемия
пероксидация, қанның
антиоксидантты қызметінің төмендеуі, энергетикалық 
гомеостаздың өзгеруі және патологиялық жағдайлардың артуы байқалады. Бұл 
процестер липидті алмасудың биохимиялық бұзылыстарының бірегей тізбегінің бір 
бөлігі болып табылады. 
Қорытындылар.
 
Олай болса, балалар мен жеткіншектер арасындағы 
метаболиттік синдром XXI
-
ғасырдағы медицинаның өзекті мәселелерінің бірі. 
Метаболиттік бұзылыстарға бейім жеткіншектерді және балаларды ерте анықтау 

оның дамуының қауіп
-
қатер факторлары бар топтарды ерте жастан анықтауға 
мүмкіндік береді. Бұл осы мәселенің алдын
-
алу шараларын дамытуға, әсіресе 
спортты дамыту, белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру бағытындағы 
жұмыстарды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет