Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет132/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Үлкен азу тістер (dentes molares)-сауыты кубтәрізді. Үшінші үлкен азу тіс-ақыл тіс (dens 
serotinus) шығу мерзімімен (27 жасқа дейін) және шағын көлемімен ерекшеленеді. Үлкен 
азу тістердің шайнау төмпешіктері бар. Төменгі және жоғарғы жақсүйектер тістерінің 
қабысуын тістеу деп атайды. Қалыпты тістеуде жоғарғы жақсүйек тістері төменгілерді 
жауып тұратыны байқалады. 
ТІЛ 
Тіл (lingua)-асты араластыруға, жұту актісіне және дыбыс қалыптастыруға қатысатын 
бұлшықетті ағза. Тілдің алдыңғы бөлігі ұшы (apex lingua), артқы бөлігі түбірі (radix 
lingua), деп аталады ал екеуінің арасында денесі (corpus lingua ) орналасқан. 
Жоғарғы, таңдай мен жұтқыншаққа қараған қабырғасы тіл арқашығы (dorsum lingua), 
төменгі беті (inferior lingua ) тілдің тек ұшы мен денесінің алдыңғы бөлігінде ғана 
көрінеді. Бүйір беттері тілдің жиектері (margo linguae) деп аталады. Тіл арқашығының 
бойымен артында тұйықталып соқыр тесікпен (foramen caecum lingua) бітетін ортаңғы 
жүлге (sulcus medianus) өтеді. Соқыр тесіктің екі жағында тілдің түбірімен денесін бөліп 
тұрған шекаралық жүлге (sulcus terminalis) орналасқан. 
Тілдің шырышты қабығы (tunica mucosoe linguae) қызғылт түсті, бетінде қыруар майда 
өсінділер, тіл бүртіктері (papillae linguae) бар. Келесі бүртіктерді айырады: 
1.
Конус тәрізді және жіп тәрізді (papillae conicae et papillae filiformis)-ең көбі және тіл 
арқашығында орналасқан. 
2.
Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер (papillae fungiformis)-тілдің ұшымен бүйір беттерінде 
жайғасқан. Саны жағынан конустәрізді және жіп тәрізді бүртіктерден кейін екінші орында 
тұр. 
3.
Жапырақтәрізді бүртіктер (papillae foliatae)-тілдің бүйір беттерінде орын тепкен. 
4.
Науашық тәрізді бүртіктер (papillae vallatae)-бүртіктер арасындағы ең азы және ең ірісі 
болып табылады, олар рим цифры V-тәрізді шекаралық жүлгенің алдында орналасқан. 
Тіл түбіршігінде тіл бадамшасын (tonsilla lingualis) құратын лимфа түйіншелерінің 
шоғырлары жатыр. 
Тілдің төменгі бетінің шырышты қабығы тегіс, екі жүлгесі бар, олар ауыз қуысының 
түбіне өткенде тіл жүгеншігін (frenulum linguae) түзеді. Жүгеншіктердің жанында 


172 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет