Нуржігіт Алтынбеков
Без алдыңғы жиегімен төменгі жақсүйек денесінің ішкі бетіне, ал артымен төменгі
жақсүйек асты безіне жақындайды. Оның кіші тіласты түтіктері (ductus sublingualis
minores) ауыз қуысына, тіласты жүлгесі шырышты қабығын бойлай ашылады. Кейде
төменгі жақсүйек асты безінің шығаратын түтігімен бірігіп тіласты бүртігіне ашылатын
үлкен тіласты түтігі (ductus sublingualis major) кездеседі. Қанмен қамтамасыздануы: тіл
және беткей самай артериялармен.
Веналық ағым, артериялармен сәйкес веналар арқылы.
Лимфа ағымі, иекастылық және төменгі жақсүйек астылық лимфа түйіндеріне.Төменгі
жақсүйекасты безі (glandula submandilaris)-төменгі жақсүйек асты үшбұрышында
орналасқан, ол күрделі альвеолалық-түтіктік бездерге жатады. Сырты жұқа қапшықпен
жабылған. Бездің жоғарғы бөлігі төменгі жақсүйектің ішкі бетімен жанасады, төменгі
бөлігі төменгі жақсүйектің астынан шығып тұрады, медиальді бөлігі тіл бұлшықеттерімен
түйіседі. Бездің алдыңғы бөлігінен тіласты бүртігіне ( тіл жүгеншігі жанында ) шағын
тесікпен ашылатын төменгі жақсүйек асты түтігі шығады.
Қанмен қамтамасыз етіледі: бет артериясының тармақтары.
Веналық ағымы, артерияларға сәйкес веналар арқылы.
Лимфа ағымы, төменгі жақсүйек асты лимфа түйініне.
ЖҰТҚЫНШАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жұтқыншақ (pharynx)-ауыз қуысын өңешпен қосады. Жұтқыншақ хоандар арқылы мұрын
қуысымен және аңқа арқылы ауыз қуысымен қатынасады. Жұтқыншақ құрылысы
бойынша алдынан артқа қарай қабысқан, орташа ұзындығы 13см-ге дейін, құйма тәрізді
ағза. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен омыртқа бағанасының мойын бөлігі
аралығында, іші жұтқыншақ арты лимфа түйіндері орналасқан борпылдақ дәнекер тінмен
толған шағым жұтқыншақ арты кеңістік (spatium retrophayngeum) бар. Жұтқыншақ
күрделі ұстап тұрушы аппараттардан тұрады. Үстінде бассүйек негізіне, бүйір жақтары-
самай сүйектеріне, артынан-шүйде сүйекке бекиді. ІV-VІ мойын омыртқалары тұсында
жұтқыншақ өңешке жалғасады. Жұтқыншақтың бүйір жақтарынан мойынның өте
маңызды қантамырлары мен нервтері өтеді: ұйқы артериялары, ішкі мойындарын веналар,
кезбе нервтер. Жұтқыншақтың төрт қабырғасын айырады: жоғарғы немесе жұтқыншақ
күмбезі (fornix pharyngis)-бассүйек негізінің бір бөлігі, алдыңғы-шын мәнінде жоқ, себебі