Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет133/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
симмитриялы орналасқан, тіласты және төменгі жақсүйекасты сілекей бездерінің түтіктері 
ашылатын тіласты бүртігі (caruncula sublingualis) жайғасқан. 
Тіласты бүртігінің артында ұзына бойлы, өзіне сәйкес тіласты жүлгелері (plicae 
sublingualis) жатыр. 
Тілдің келесі бұлшықеттерін ажыратады: 
1)
Тілдің қаңқалық бұлшықеттері: 
А) Тіласты-тіл бұлшықеті (m.hyoglossus)-тілді артқа және төмен тартады. 
Б) Біз-тіласты бұлшықеті (styloglossus)-тілді артқа және жоғары тартады, ал біржақты 
жиырылғанда шет жаққа. 
В) Иек-тіласты бұлшықеті (m.geniglossus)-тілді төмен және алға итереді. 
2)
Тілдің меншікті бұлшықеттері: 
А) Тілдің көлденең бұлшықеті (m.transversus linguae)-тіл арқашығын көтереді, көлемін 
азайтады. 
Б) Тілдің вертикальді бұлшықеті (m.verticalis linguae)-тілді жалпайтады. 
В) Тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті (m.longitudinalis superior)-тілдің ұшын көтереді және 
қысқартады. 
Г) тілдің төменгі бойлық бұлшықеті (m.longitudinalis interior)-тілдің ұшын төмен түсіреді 
және қысқартады. 
Тілді тіл артериясы қанмен қамтамасыз етеді. 
Веналық ағым, ішкі мойындырық венаға құяды. Лимфа ағымы, иек төменгі жақсүйек және 
терең латералды мойын лимда түйіндеріне барады. 
Нервтенуі: ХІІ-жұп ми нерві-қозғалтқыш,V, ІХ, Х-жұп ми нервтері-сезімтал, VІІ және ІХ- 
жұп ми нервтері-дәмсезу. 
ҚАТТЫ ТАҢДАЙ ЖӘНЕ ЖҰМСАҚ ТАҢДАЙДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Таңдай (Palatum)-ауыз қуысының жоғарғы қабырғасын түзеді. Екі бөліктен , сүйек тінінен 
құралған қатты таңдай және жұмсақ таңдайдан тұрады. Шырышты қабығы барлық 


173 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
таңдайды жауып, қатты таңдаймен тығыз бітісіп артынан жұмсақ таңдайға жалғасса, екі 
жағынан жоғарғы жақсүйектің ұяшықтарына өтіп қызылиек түзеді. 
Қатты таңдай (Palatum durum)-жоғарғы жақсүйектердің таңдайлық өсінділерімен таңдай 
сүйектерінің горизонтальды табақшаларынан құралған. Ол таңдайдың алдынғы 2/3 бөлігін 
құрады. Қатты таңдайдың ортаңғы сызығы бойымен таңдай жігі (raphe palati) өтеді. Одан 
екі жаққа қарай, балаларда өте жақсы жетілген көлденең қатпарлар шығады. 
Жұмсақ таңдай (Palatum molle)-таңдайдың артқы 1/3 бөлігін құрайды. 
Жұмсақ таңдай, таңдайдың жалпақ сіңірі мен бұлшықеттерінен құралған, аңқаны түзуге 
қатынасады. Жұмсақ таңдайдың шырышты қабығы жұтқыншақтың мұрындық бөлігі 
шырышты қабығының жалғасы, ал алдында қатты таңдайдың шырышты қабығына өтеді. 
Жұмсақ таңдай, горизонтальді орналасқан алдыңғы бөлімінен және еркін салбырап тұрған 
таңдай пердесін (velum palatinum) түзетін артқы бөлімінен тұрады. Жұмсақ таңдайдың 
артқы бөлігінің ортасында шағын өсінді-тілшік бар. Жұмсақ таңдайдың бүйір жиектерінен 
екі доғашық шығады: алдыңғы, таңдай-тіл доғасы (arcus palatoglossus) және артқы, таңдай- 
жұтқыншақ доғасы (arcus palatopharyngeus). Доғалар ішінде таңдай бадамшасы (tonsilla 
palatina) жатқан бадамша шұңқыршасын (fosso tonsillaris) шектейді. 
Бұл бадамшаның құрылысының ерекшелігі ағза тініне терең енетін крипталармен 
фиброзды қабықтың болуы. Осындай құрылым ағзада жиі қайталанатын қабыну үрдісіне 
тікелей байланысты. 
Таңдай бадамшасының артынан 1см алшақтау ішкі ұйқы артериясы өтеді. Бадамша ең 
жоғарғы көлемге 17 жаста жетеді. 
Жұмсақ таңдай бұлшықеттері: 
1)
Таңдай-тіл бұлшықеті (m.palatoglossus)-таңдай пердесін төмен түсіреді, аңқа тесігін 
тарылтады. 
2)
Таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті (m. palatopharyngeus)-таңдай пердесін төмен түсіреді; 
аңқай тесігін тарылтады. 
3)
Таңдай пердесін көтеретін бұлшықет (m.levator veli palatini)- жұмсақ таңдайды көтереді. 
4)
Таңдай пердесін керетін бұлшықет (m.tensor veli palatini)-таңдай пердесін кереді, есту 
түтігінің саңылауын кенейтеді. 


174 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет