Нуржігіт Алтынбеков
ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ БҰЛШЫҚЕТТІ АППАРАТЫ
1.
Констрикторлар: а) жұтқыншақтың жоғарғы қысқышы (m.constrictor pharyngeus
superior); б) жұтқыншақтың ортаңғы қысқышы (m.constrictor pharyngeus medius );
в) жұтқыншақтың төменгі қысқышы (m.constrictor pharyngeus inferior)
2.
Жұтқыншақты көтеретіндер: а) түтік-жұтқыншақ бұлшықеті
(m.salpingo
pharyngeus) ; б) біз-жұтқыншақ бұлшықеті (m.stylopharyngeus).
Қанмен қамтамасыздануы, сыртқы ұйқы артериясы, бет және бұғанаасты артериялары
тармақтарымен. Веналық ағым, жұтқыншақ веналық өріміне. Лимфа ағымы, ішкі
мойындырық және жұтқыншақ арты лимфа түйіндеріне. Нервтенуі, жұтқыншақтың
нервтік өрімінен.
ӨҢЕШ
Өңеш (оesophagus) – жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын ағза. Өңеш құрылысы
бойынша алдынан артына қарай басылған түтікке (ұзындығы 30 см-ге дейін) ұқсайды.
Ересек адамдарда жұтқыншақ өңешке VІ-мойын омыртқасы тұсында өтсе, ал өңеш
асқазанға ХІ-кеуде омыртқасы деңгейінде ашылады. Өңеш кеуде қуысынан іш қуысына
көкеттің өңештік тесігі арқылы өтеді.
Өңештің үш бөлігін ажыратады:
Мойындық бөлік (pars cervicalis) – VІ-мойын омыртқасы деңгейінде басталып ІІ-кеуде
омыртқасы тұсында аяқталады. Ол кеңірдек пен омыртқа бағанасы арасында орналасқан.
Кеуделік бөлік (pars thoracica) – Х-кеуде омыртқасы тұсында аяқталады және ең ұзын
бөлігі. Өңештің бұл бөлігі ІV-кеуде омыртқасына дейін жоғарғы көкірекаралықта
орналасады, алдында кеңірдек, артында жүрекқап жатыр. ІV-кеуде омыртқа тұсында өңеш
қолқамен қиылысса, ал V-кеуде омыртқа тұсында, сол басты бронхпен қиылысады.
Өңештің төменгі бөлігі оң көкірекаралықтық өкпеқаппен шектелген.
Іштік бөлік (pars abdominalis) – ұзындығы кішкентай, оның артқы қабырғасына бауырдың
сол үлесі іргелес жатыр. Өңеште үш физиологиялық тарылу бар:
бірінші – жұтқыншақтың
өңешке өтетін тұсында,
екінші – сол басты бронхпен қиылысатын тұсында,
үшінші –
өңештің көкет арқылы өтетін жерінде.
Өңеш қабырғалары төрт негізгі қабықтардан құралған: