Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет17/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
адамдар ұзақ мерзім тік тұрғанда, суық тигенде және жарақат алғанда тұрақты 
радикулит пен ишиалгияға бейім болады. 
Тұлға сүйектерінің эмбриогенезі 
 
 
Тұлға сүйектері өз даму үрдісінде үш кезеңнен өтеді: жарғақтық, шеміршектік 
және сүйектік. 7-8 мм ұзындықтағы адам ұрығында әр сегмент аумағында оң және сол 
склеротомдар жасушалары жұлын затына ауысады. Осында жасушалар сегменттерге 
топтасады. Әр сегмент болашақ жарғақты омыртқаның денесі мен жұп өсінділерін 
(нейтралдық және қабырғалық) құрады. Склеротомдар мен омыртқа денелерінің 
орналасу деңгейінде сәйкестік жоқ. Осылай адамның бастапқы эмбриогенезінде 38-39 
жарғақты омыртқалар қалыптасады, іле-шала осы ретпен хондрификацияға өтеді. 
Шеміршектік омыртқа денесінің моделін оның ең соңғы пішіні қайталайды. Осы кезең 
бойы әр жаңадан түзілген сегменттерде жоғарыда еске алынған өсінділердің дамуы 
нәтижесінде нейтралдық және қабырғалық, шеміршектік доғалар пайда болады. 
Нейтралдық доғадан толығымен омыртқа доғасы, буындық, қылқанды, көлденең 
өсінділер дамиды, ал қабырғалар мен төстің дамуы қабырғалық доғадан басталады. 
Адамның бастапқы эмбриогенезінде омыртқалар мен қабырғалар саны кейінгі 
кезеңнен көбірек болады. Бара-бара бұл сүйектердің каудалды бөлігі кері дамуға 
ұшырайды. Сөйтіп дененің төменгі бөлігінің омыртқалары мен қабырғалары құрып 
кетеді, ал мойын және бел сегменттерінің қабырғалары рудимент түрінде сақталады: 
жалған қабырғалар және толық дамымаған төстің төменгі сегменттері. 
Иық белдеуінің сүйектері 
 
 
Иық белдеуі сүйектері (cingulum membri superioris) адамдарда басқа сүтқоректілер 
сияқты толық емес. Ол төменгі сатылы омыртқалылардағыдай барлық тұлғаны қамти 
алмайды, екі сүйектен құралған: жауырын және бұғана. 
Жауырын (scapula) ІІ-ҮІІ қабырғалар аралығында, кеуде торының артқы бетіне 
жанаса орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Жауырынның осындай қалпы кеуде 
торының жалпақ пішінді (арттан алға) болуынан, жауырында үш жиек ажыратылады – 
медиалды (едәуір қалың), латералды және жоғарғы (ең жұқасы). Ол құстұмсық тәрізді 
өсінді (processus coracoideus) және тілікпен (incisura scapula) аяқталады. Аталған 


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет