Нуржігіт Алтынбеков
омыртқасының алдыңғы жиегі бесінші бел омыртқасының төменгі жиегімен қосылып
мүйін (promontorium) түзеді. Сегізкөздің жамбастық беті ойыс, тегіс, ондағы көлденең
сызықтардың (linia transversae) ұштарында төртеуден жамбастық тесіктер (foramina
sacralia pelvina) байқалады. Осы тесіктер арқылы жамбас қуысына сегізкөз нервтерінің
алдыңғы тармақтары мен қан тамырлары өтеді. Сегізкөздің дорсалды беті бұдырлы,
дөңес. Оның өне бойында омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген бес
қырды көруге болады. Атап айтқанда: қылқанды өсінділердің бітісуінен пайда болған
тақ ортаңғы, оның екі жанында буын өсінділерінің бітісу ізі - жұп аралық және
латералдылау көлденең өсінділерден түзілген - жұп қырлар. Дорсалды бетінде төрт жұп
сегізкөздік тесіктер орналасқан (foramina sacralia dorsalia). Олар арқылы сегізкөз
нервтері мен қан тамырлары енеді. Дорсалдық және жамбастық тесіктер
омыртқааралық тесіктер арқылы сегізкөз өзегімен (canalis sacralis) байланысқан.
Сегізкөз тесіктерінен сырттай, көлденең өсінділердің сәйкес қабырға рудименттерінің
қосылысынан түзілген бүйір бөліктері (partes lateralis) жатады. Әр бүйір бөліктің
сыртында мықын сүйектің аттас буындық бетімен қосылатын құлақ тәрізді бет (facies
sacralis) анықталады. Ал оның артында сегізкөз бұдырмағы (tuberositas sacralis)
орналасқан, ол сегізкөзді нығайтатын қысқа байламдардың бекитін орны. Сегізкөз
ұшының артқы бетінен үшбұрыш пішінді сегізкөз өзегіне ендіретін саңылау көрінеді. Ү
сегізкөз омыртқасының төменгі бетіне сәйкес келетін сегізкөз ұшында құйымшақпен
қосылатын кішігірім, сопақша келген буындық бет бар. Сегізкөз саңылауы бүйір
жақтарынан буындық өсінділердің рудименті - сегізкөз мүйіздерімен шектелген.
Омыртқа бағанасының төменгі шеті жойылып кеткен құйрық қалдығымен (cauda)
бітеді. Ол ересек адамдарда өзара бітісіп кеткен 4-5 құйымшақ омыртқаларынан (os
coccyqis) немесе құйымшақтан тұрады. Бұл негізі жоғарғы, ал ұшы төменге
бағытталған имек, кішкентай пирамида тәрізді сүйек. Омыртқа бағанасы қапталды
бөлігінің кері дамуының (редукция) эмбрионалдық әрқилылығы омыртқа саны мен
олардың қосылу сипаттарының тұрақсыздығына әкеледі.