Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет11/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
орналасуына байланысты мойындық, кеуделік, белдік, сегізкөздік және құйымшақтық 
болып бөлінеді. 
Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales) 
 
 
Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales) – 7. Омыртқалардың басқа бөліктерінен 
басты ерекшелігі көлденең өсінділерінде омыртқалық артерияны бассүйек қуысына 
бағыттайтын тесік (foramen processus transverses) болуы. Сонымен қатар, ІІІ-ҮІІ мойын 
омыртқалырының көлденең өсінділерінің ұштары артқысы меншікті көлденең өсінді 
болса, алдыңғысы қабырғалардың рудименті болып саналатын екі төмпешікке 
айырылады. ҮІ мойын омыртқаның алдыңғы төмпешігі жақсы жетілген, оған жалпы 
ұйқы артериясы жанасып жатыр, ұйқы артериясы жарақаттанғанда осы төмпешікке 
басып, қанды уақытша тоқтатуға болатындықтан оны ұйқы төмпешігі (tuberculum 
caroticum) деп атаған. 
Мойын омыртқалырының денелері кішілеу, сопақша пішінді, үстіңгі және 
астыңғы беттері біршама ойыстанған. Буын өсінділерінің беттері жайпақ, олар 45° 
бұрышпен артқа қисая орналасқан. ІІ-ҮІ мойын омыртқаларының қылқанды өсінділері 
қысқалау, ұштары екіге айырылған, ал ҮІІ омыртқаның қылқанды өсіндісі өте жақсы 
дамыған, артқа қарай біршама шығып тұрады да, оның ұшын теріастынан сипап табуға 
болады, сондықтан ол шығыңқы омыртқа (vertebrae prominens) деп аталады. Бірінші 
(атлант) және екінші (білікті омыртқа) омыртқалар бассүйекті омыртқа бағанасымен 
байланыстыратындықтан олардың пішіні басқалау болып келеді. 
Атланттың (atlas) ерекшелігі - денесінің көп бөлігін жоғалтуы, ол эволюция 
үрдісінде екінші омыртқаның тісін құруға жұмсалған. Атлант алдыңғы қысқалау және артқы 
ұзындау екі доғадан тұрады (arcus anterior et posterior). Алдыңғы доғаның ішкі 
бетінде екінші 
мойын омыртқасының тісімен байланысатын буын беті, ал сыртқы бетінде кішігірім 
төмпешік орналасқан. Артқы доғаның артқы бетінде артқы төмпешікті (қылқанды 
өсінді рудименті), ал үстіңгі жиегі бойында қиғаш бағытталған омыртқа артериясының 
жүлгесін байқауға болады. Өте кең омыртқа тесігінің екі жанында атланттың бүйір 
массалары (massa laterales atlantis), ал олардың жоғарғы беттерінде жұп сопақша иілімді 
бассүйекпен қосылатын жоғарғы буындық шұңқыршалар (fovea articulares superiores), 
төменгі беттерінде жайпақтау, сопақ, білікті омыртқамен қосылатын төменгі буындық 
шұңқыршалар (fovea articulares inferiores) орналасқан. 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет