Нуржігіт Алтынбеков
Аралас сүйектер тобына (атлант, төменгі жақсүйек, мұрын, бет, таңдай сүйектері)
шығу тегінің, құрылысының және қызметтерінің әралуандылығымен ерекшеленетін
қалған сүйектер жатқызылады. Олардың беттерінің азғана аймақтары тегіс болса,
қалған ауқымды бөлігі кедір-бұдыр, біреулері бұлшықет сіңірлерінің бекігендігінен
(шодырлар, төмпелер, қырлар, бұдырлар, өсінділер), екіншілері, тамырлар мен
нервтердің тығыз жанаса орналасуынан (жүлгелер), басқа түзілістер (ұңғылдар,
шұңқырлар) бұлшықеттер мен ми қатпарларының қысымына пайда болған.
Өте ауыр физикалық еңбекпен шұғылданатын тұлғалардың сүйектерінде
бұдырлар мен қырлардың көлемдері үлкейсе, ал қартайған шақта сүйектердің кедір-
бұдырлары жақсы анықталады. Барлық сүйектер іші-сыртынан (диафиздердің тығыз
заты мен кеуек заттың ұяшықтары аймағында) қан тамырларға бай дәнекертінді
қабықтармен қапталған. Сыртқы (сүйекқабы) және ішкі (эндост) екі қабық та
сүйектердің дамуына және қоректенуіне қатысады.
Адам қаңқасы сүйектерінің басым бөлігі онтогенезде жарғақтық, шеміршектік
және сүйектік қалыптасу сатыларынан өтеді, ол көп жағдайда хордалықтардың
филогенездік даму үрдістерін қайталау дегеніміз. Бұл сүйектерді сүйектену
ерекшеліктеріне байланысты екіншілік (кейінгі) десе, кейбір сүйектер (көптеген бас
сүйектері, бұғананың ортаңғы бөлігі және т.б.) дамуында шеміршектік сатыны аттап
өтеді, оларды біріншілікке (алғашқы) жатқызады. Әр сүйектің сүйектенуі белгілі бір
аймақтарында сүйектену нүктелерінің пайда болуынан басталады. Алғашқы
сүйектердің сүйектенуі келешек сүйектің жарғақтық моделінің ішінде пайда болатын
сүйектік нүктелерден басталады және ол эндосмалды сүйек деп аталады, ал кейінгі
сүйектердің сүйектенуі шеміршекүсті тіннің есебінен сырттан ішке қарай
(перихондралды сүйектену) және іштен сыртқа қарай (энхондралды сүйектену) жүреді.
Сүйектердің дәнекертіндік және шеміршектік даму сатыларында пайда болған
сүйектену нүктелерін біріншілік (алғашқы), ал кейінірек даму мерзіміндегі сүйектену
нүктелерін екіншілік (кейінгі) деп бөледі. Нүктелердің екеуі де бас нүктелер болып
саналады. Құрсақішілік дамудың екінші айының соңы мен үшінші айдың басында
алғашқы сүйектену нүктелері жілік сүйектерінің диафиздерінде пайда бола бастайды.
Екіншілік (кейінгі) сүйектену нүктелерінен негізінен сүйектердің төмпелері мен
өсінділері дамитын эпифиздер мен апофиздер сүйектенеді.
Қаңқаны сипаттағанада төмендегідей ірі сүйектің сүйектену нүктелерінің пайда
болу мерзімі, орны, саны, реті, сонымен қатар, барлық сүйектердің сүйектенулерінің