Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет6/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
орналасу бағыттары ғана емес, тұтас сүйек құрылымының өзгеруі мүмкін. Сүйектік 
тіннің сыртқы ортаға бейімделуге тән кейбір элементтерін бірқатар сүтқоректілерден 
байқауға болады. Сүйектер мен оларды қоршаған бұлшықеттердің арасында өте тығыз 
байланыс орналасқан, ішкі немесе сыртқы қысымдарға ұдайы ұшыраған сүйектер 
(бұлшықеттер, қан тамырлар, нервтер және т.б.) бөлігінің дамуын баяулатады, солай 
шұңқыршалар, жүлгелер пайда болады. Адам сүйегінің үштен бір бөлігін органикалық 
зат – оссеин және үштен екі бөлігін органикалық емес зат (басым бөлігі - 50-80℅ 
кальции тұздары мен фосфаттар, қалғаны – магний, натрий, калий, фтор қосылыстары 
мен бірқатар қышқылдар). Сүйекті күйдіргенде оссеин жанып кетіп, тек минералды 
заттар қалады, ал сүйек нәзік, сынғыш болып, жеңіл үгітіледі. Керісінше сүйекті өте 
күшті пайызды қышқыл ерітіндісіне (мысалы, 15-17℅ күкірт қышқылы ерітіндісі) 
батырғанда сүйектен органикалық емес заттар жоғалады да сүйек өзінің дәлме-діл 
пішінін сақтап қалады, бірақ ол майысқақ және жұмсақ күйге түседі. Сөйтіп сүйектегі 
органикалық және минералдық (органикалық емес) заттар бір-бірімен табиғи 
қосылыста болып, бірін-бірі толықтырады. Ол арқылы сүйекте беріктілік, қаттылық пен 
серпімділік сақталады. 
Адам сүйегінің беріктілігі граниттен асып түседі, мыс пен темірге шамалас келеді, 
серпімділігі еменнен кем түспейді. 
Сүйектердің осындай физикалық-химиялық құрылымы жасқа байланысты 
біршама өзгерістерге ұшырайды. Жігіттік кезеңде, әсіресе балалық шақта сүйектерде 
оссеин көлемі едәуір көп болса, ал қартайған шақта органикалық емес заттардың 
басымырақ болуынан, ал оссеин көлемінің біртіндеп азая бастауынан сүйектер сынғыш 
және өте нәзік қалыпқа түседі. 
Сүйектер пішіні және дамуы 
 
 
Сүйектердің пішіндері әртүрлі, барлығының топтық ерекшеліктерін толық 
айқындайтын етіп біріктіріп жіктеу өте қиын. Сондықтан сүйектерді пішіндері, 
құрылымдары мен қызметтері бойынша біріктіру тиімділеу. Осындай ұстам бойынша 
түтік (ұзын және қысқа), кемік (ұзын, қысқа, дән тәрізді), жалпақ (бассүйек, жамылғы 
сүйектер, қол-аяқ белдеулері сүйектері), ауалы (бассүйектің көп бөлігі) және аралас 
сүйектерді ажыратады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет