Нуржігіт Алтынбеков
шеттер, ортаңғы бөліктері – диафиз, ал диафиздің эпифизге ең жақын бөлігі –
метафиз деп аталады. Ұзын жілік сүйектерінің диафиздері - тығыз, ал
метафиздері - кеуекті заттардан құралған.
2.
Қысқа сүйектер қаңқаның ауқымды қозғалатын аймақтарының қаңқаға түсетін
қысымдық күштерге қарсы тұра алатын жерлерінде кездеседі. Мысалы,
сирақтың аяқ басымен, білектің қол басымен байланысатын жерлерінде
біріншісінде жеті - тілерсектің, екіншісінде сегіз – білезіктің қысқа сүйектері
орналасқан. Қысқа сүйектер ұзын сүйектердің эпифизіне ұқсас сыртынан жұқа
тығыз затпен қапталған кеуекті заттан тұрады.
3.
Жалпақ сүйектер қаңқаның кейбір қуыстарының қабырғаларын құруға
қатысады. Оларға бассүйек күмбезінің сүйектерін жатқызуға болады. Жалпақ
сүйектер бұлшықеттер басталатын немесе бекитін беттер түзеді. Осындай
маңызы бар сүйектерге жауырынды жатқызуға болады. Барлық жалпақ
сүйектерге тән ерекшелік – олар араларында кеуекті заттар (диплоэ)
орналасқан екі тығыз табақшадан құралған.
4.
Аралас сүйектер. Оларға мысал, омыртқалар. Омыртқаның денесі қысқа
сүйектер сияқты құрылса, денесі мен өсінділері жалпақ сүйектерге ұқсайды.
Бұл омыртқалар қызметінің жан-жақтылығына байланысты.
5.Ерекше пішінді сүйектер деп пневматикалық немесе ауалы сүйектерді айтуға
болады. Олар қабырғалары шырышты қабықпен қапталған, ауаға толы
қуыстардан тұрады. Құстар қаңқасы көпшілігінде осындай сүйектерден
құралса, адамдарда – қойнауы бар жоғарғы жақсүйек, маңдай сүйек, сына
тәрізді сүйек, ауалы ұяшықтардан құралған торлы сүйек және самай сүйектің
кей бөліктері. Сүйек қызметіне олардың пішіні ғана емес, сүйектің нәзік
құрылысы мен архитектурасы да тығыз байланысты және ол сонымен
анықталады.
Қаңқа мен буындар дамуы Әр сомиттің алдыңғы-медиалды бөлігінен, бірінші кезекте тұлға сүйектері
дамитын қаңқаның алғашқы тіні қалыптасады. Сомиттің бұл бөлігі сомиттің қаңқалық
жапырағы – склеротом деп аталады. Склеротом тіні өте жылдам көбейіп амеба тәрізді